Қаз

5 Тамыз 2025 ж.

2025 жылы энергетикалық желілердің инфрақұрылымында қандай өзгерістер болмақ

Елдегі электр желілерінің орташа тозуы 2025 жылға қарай 74,5%-дан 69,1%-ға дейін төмендейді деп жоспарлануда. Бұл 16 өңірдегі 18 электр желілері инфрақұрылымының нысандарын жаңғыртуға салынған инвестицияның нәтижесінде іске аспақ. Оның ішінде екеуден Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында. Ал Абай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, Жетісу облысында және Алматы қаласында біреуден.

Әзірге Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында 2025 жылға арналған жобалар жоқ. Бұл тізімдегі нысандардың арасында әбден тозғаны Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады, ал «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ тозуды қазіргі 97%-дан 86,5%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. «Қарағанды ӨЭК» ЖШС тозуды 95%-дан 85,0%-ға дейін төмендетуі мүмкін.

Сонымен қатар, 2025 жылы жаңғыртылып жатқан 18 нысанның ішінде ең жоғары тозу Алматы қаласында («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, 88,9% тозу, 81%-ға дейін төмендеуі мүмкін), Қостанай облысында («Межрегионэнерготранзит» ЖШС – 87,6%-дан 78,5%-ға дейін), Абай облысында («Біріккен энергетикалық сервистік компания» АҚ – 84,4%-дан 78%-ға дейін), Жетісу облысында («Талдықорған акционерлік көліктік-электр желісі» АҚ – 83%-дан 80%-ға дейін), Ақтөбе облысында («Энергосистема» ЖШС – 82,4%-дан 76,4%-ға дейін), БҚО (Батыс Қазақстан ӨЭК – 82%-дан 74%-ға дейін) төмендету жоспарланған.

2025 жылы тозу пайызы азаюы мүмкін үздік үштікке «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ – 10,5%, «Қарағанды ӨЭК» ЖШС және «Көкшетау Энерго» ЖШС – 10% еніп отыр.

«Батыс Қазақстан ӨЭК» АҚ 2025 жылдан 2029 жылға қарай тозуды 82%-дан 74,0%-ға дейін төмендетуді жоспарлаған. 

Барлық ұсынылған компаниялар арасында қазіргі кездегі ең төменгі тозу Атырау облысындағы «Атырау-Жарық» АҚ (39,9%), ал 2025 жылға қарай оның 39,3%-ға дейін аздап төмендейді деп жоспарлаған, бұл желілердің салыстырмалы түрде жағдайының жақсы екенін көрсетеді.