Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

МЭКС туралы

Мақсат

2025 – 2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (МЭКС) ұлттық жобасы жылу, электр және сумен жабдықтау желілері мен объектілерін, сондай-ақ су бұру жүйелерін кешенді жаңартуды көздейді. Ұлттық жобаны іске асыру апатты жағдайлар және инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін болады.

Коммуналдық секторды жаңғыртуды білдіретін энергетикалық инфрақұрылымы бар заманауи қаланың панорамалық көрінісі.

Жоба негізгі төрт бағыт бойынша іске асырылуда:

  1. энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту және салу;

  2. энергетика және коммуналдық секторлардың инвестициялық тартымдылығын арттыру;

  3. ішкі құндылықты арттыру;

  4. тарифтер көтерілген кезде халықтың шығындарын өтеу тетіктерін әзірлеу және енгізу.

МЭКС міндеттері:

Энергетика және коммуналдық секторлардың инфрақұрылымын (желілері мен объектілерін) жаңарту және салу

Кешенді цифрландыру бағдарламасын әзірлеу және енгізу;

Тұрақты және қолжетімді қаржыландыру механизмін құру

Отандық тауар өндірушілердің (ОТӨ) өнімдерін мейлінше пайдалануды қамтамасыз ету

Тарифтік жүктеменің халық шығындарына әсерін реттеу.

Іске асыру кезеңдері

2025 г.
негізгі нысандарды жаңғыртуды бастау.
2026–2028 гг.
желілерді қайта құру және жаңа технологияларды енгізу.
До 2029 г.
ТКШ тұрақтылық пен энергия тиімділік жүйесін қалыптастыру.

Жобаны қаржыландыру

13,5 трлн ₸

Инвестицияның жалпы көлемі

Мемлекеттік бюджет;
Қаржыландырудың қайтарымды тетіктері;
Жеке инвестициялар және бизнеспен серіктестік.

Жоба кім үшін маңызды?

Тұрғындар үшін:

1
Үзіліссіз тұрақты жылу және сумен жабдықтау.
2
Апатты азайту, ТКШ сапалы қызметтері.
3
Таза су және экологияны жақсарту.

Бизнес үшін:

1
Желілерді салуға және жаңғыртуға арналған келісімшарттар.
2
Құрал-жабдықтарды өндіру және жеткізу.
3
Коммуналдық және энергетикалық салалардағы инвестициялық жобалар.

Жобадан қандай нәтиже күтеміз?

Таза су және экологияны жақсарту
Тозуы деңгейі жоғары емес заманауи инженерлік желілер
Коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру
Энергия тұрғысынан тиімді және цифрлық инфрақұрылым