5 Қыркүйек 2025 ж.
ЭКСЖ шеңберінде келесі жылы Алматыға 105,3 млрд теңге инвестиция бөлінеді

Алматыда мемлекеттік органдар, әкімдік, бизнес және қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыру бойынша көшпелі семинар өтті.
Ұлттық жобаны іске асыру құралдары, мемлекеттік қолдау шаралары және нарыққа қатысушылар үшін инвестициялық мүмкіндіктер туралы жиналғандарға ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қанат Құлназаров, өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері айтып берді.
Инвестициялық жобалардың 2025-2029 жылдарға арналған жоспарлары ұсынылды. Биылғы жылы ірі қатысушылардың бірі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ. Бұл компания электр желілік инфрақұрылымды жаңғыртуға 9,7 млрд теңге бағыттайды. 361 км желіні және 3300-ден астам жабдықты жаңарту жоспарлануда, бұл компания инфрақұрылымының тозуын 5%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Алдағы бес жылда ЭКСЖ шеңберінде жаңғыртудан келесі коммуналдық кәсіпорындар өтеді:
«Алматы жылу желілері» ЖШС-да күрделі жөндеу жоспарлануда 2,1 км жылу желілері.
«Алматы электр станциялары» АҚ тозуды 19%-ға дейін төмендете отырып, ЖЭО–2-БТК жылу магистралін реконструкциялау шеңберінде 4,3 км құбырды толық ауыстырады.
«Алматы Су» ШЖҚ МКК-да 60 км су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарланған.
Пилоттық жобаларды іске асыру нәтижесінде Алматыда қалалық инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейі 6,1%-ға төмендейді деп күтілуде.
2026 жылы өңірдің коммуналдық және энергетикалық секторларын жаңғыртуға жалпы көлемі 105,3 млрд теңге инвестиция бағытталады.