4 Қыркүйек 2025 ж.
2026 жылы Маңғыстау облысында ЭКСЖ жобасы аясында жаңа электр желілері мен қосалқы станциялардың құрылысы басталады

Ақтауда әкімдіктердің, коммуналдық кәсіпорындардың, құрылыс компаниялары мен жобалау ұйымдарының, отандық өндірушілердің, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, банктердің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен ЭКСЖ жобалау кеңсесінің көшпелі семинар-кеңесі өтті.
Ұлттық жоба аясында Маңғыстау облысында электр желілерін жаңғырту жоспарлануда. 2026 жылы ұлттық жобаға қатысатынын «Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ растады. Кәсіпорын қолданыстағы электр желілерін ауқымды қайта құруды және жаңа әуе желілерін, сондай-ақ екі қосалқы станцияны салуды жоспарлап отыр.
Жоба мыналарды қамтиды:
· 3,57 млрд теңге сомасына жалпы ұзындығы 176,1 шақырымды құрайтын 35 кВ үш әуе желісін салу;
· 7,19 млрд теңгеге ұзындығы 196,7 шақырымды құрайтын 110 кВ екі әуе желісін салу;
· құны 15,71 млрд теңге болатын бір 220 кВ әуе желісі мен 220 кВ қосалқы станция салу;
· 5,05 млрд теңге сомасына 110 кВ екі қосалқы станция салу;
· құны 1,8 млрд теңге болатын 110 кВ бір қосалқы станцияны қайта жаңарту.