30 Қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық жоба аясында отандық тауарларды қолдануға басымдық беріледі

Сатып алу ОТӨ Тізілімі және оффтейк-келісімшарттар негізінде электрондық платформа арқылы жүргізіледі.
Бұл туралы табиғи монополиялар субъектілері мен отандық тауар өндірушілерге арналған семинар-кеңес барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбеков хабарлады.
«Отандық тауар өндірушілердің назарын өз өндірісінде елішілік құндылықты барынша арттыру қажеттігіне аударғым келеді. Бәлкім, қазақстандық қамтуды барынша арттыру үшін кәсіпорындарды жабдықтардың жинақтаушы элементтері бойынша біріктіру керек болар. Бұл ел экономикасының өсуіне ықпал етеді», - деп баса айтты ол.
ТКШ ҚазОрталығының басшысы Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) енгізу алгоритмінің төрт басты кезеңі туралы баяндады.
«Бірінші кезең, талдау және дайындау желіні тексеру процесін қамтиды: түгендеу, есепте кемшіліктерді, олқылықтарды, шығынды анықтау. Бұдан басқа, гидромоделдеу жүргізілетін болады: есептеулер мен мониторинг үшін желілердің цифрлық үлгілерін (су, жылу, кәріз) құру. Бас жоспарды ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінен, жергілікті атқарушы органдардан маңызды деректерді жинау», - деп нақтылады ол.
Осы кезеңде қажеттілік, қуат күші, баланс, аспаптарға қойылатын талап (дәлдік, деректерді алу) айқындалады.
Екінші кезең – жүйені жобалау, ол мыналарды қамтиды:
• SCADA тұжырымдамасын әзірлеу: деректерді жинау нүктелерін, мониторинг параметрлерін, жүйе архитектурасын анықтау;
• ЖСҚ дайындау3: аспаптандыруды, деректерді беру және қорғауға қойылатын талаптарды қосу;
• жабдықты таңдау: датчиктер, бақылау, (PLC/RTU), байланыс стандарттары, резервтеу, қорғау;
• бас жоспармен интеграция: болашақ байланыстарды, трассаларды, резервтерді есепке алу.
«Үшінші кезең – жабдықты монтаждауды қамтитын іске асыру: аспаптарды, атқарушы механизмдерді, бақылау жүйелерін орнату. Байланыс және электрмен жабдықтау: сенімді қуат, байланыс (Сым, талшық, радиоарна), кедергіден қорғау. SCADA орнату: серверлер, жұмыс станциялары, желілер. Бағдарламалау: басқару логикасы, дабыл, визуализация, АЖ интеграциясы», - деп түсіндірді Нұрлан Солтамбеков.
Төртінші кезең – пайдалану және даму, ол мыналарды іске асырады:
· мониторинг және басқару: жедел бақылау, жауап беру, диспетчерлеу;
· қызмет: калибрлеу, метрология, жаңарту;
· талдау және оңтайландыру: гидромодельмен салыстыру, ауытқуларды іздеу, режимдерді реттеу;
· жаңарту: SCADA кеңейту, GIS интеграциясы, мобильді қызметтер, болжамды мүмкіндіктер;
· бақылау және аудит: нормативтерге сәйкес келуі, ішкі тексеру, ұлттық жоба аясындағы есеп.
«Ұлттық жоба аясында техникалық оператор ретінде «ТКШ ҚазОрталығы» жобаларды іріктеу мен келісуді, соның ішінде цифрландыру мен автоматтандыру талаптарын ескере отырып жүзеге асырады. Бұл әрбір өтінім тек құрылыс немесе қайта құру тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар есепке алу, диспетчерлендіру, SCADA және GIS жүйесін енгізу тұрғысынан да бағаланады деген сөз», - деді ол.
Білікті мамандарсыз цифрландыру мен автоматтандыру мүмкін емес. Сондықтан жұмыста мамандарды оқыту мен даярлауға айрықша назар аударылады. SUEZ және Aqualia сияқты халықаралық әріптестермен бірге біліктілікті арттыру бағдарламалары енгізілуде. Сондай-ақ ҚР ҰЭМ ТМРК-мен мамандарды оқытуға жұмсалатын шығындарды тарифтік сметаларға енгізу туралы жұмыс жүргізілуде.
«Цифрландыру мен автоматтандыру – коммуналдық саланы тұрақты дамыту үшін нақты қажеттілік екеніне көз жеткіздік. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дәл осы құралдар қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. ТКШ ҚазОрталығының техникалық операторы ретінде біз әкімдіктер мен кәсіпорындарға жобаларды іріктеуден бастап мамандарды оқытуға және іске асыруды сүйемелдеуге дейінгі инженерлік инфрақұрылымды автоматтандыру мен цифрландыруды енгізудің барлық жолында қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп АҚ басшысы сөзін түйіндеді.