Колл-центр
5 Мамыр 2026 ж.
ЭКСЖ аясында Қарағанды облысына қарасты Абай қаласының тұрғындары үздіксіз жылумен қамтамасыз етіледі
Қарағанды облысындағы ЭКСЖ-ның тағы 2 жобасы іске асырудың белсенді кезеңіне өтуде. 4 мамырда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» жобаларды қаржыландыру процесі басталғанын жариялады. Олардың екеуі де Қарағанды және Абай қалаларындағы жылу желілерінің негізгі учаскелерін реконструкциялауды көздейді, деп хабарлайды ЭКСЖ жобалық кеңсесі.
Мәселен, Қарағандыда ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын М3 жылу магистралін жаңарту жоспарлануда. Қазіргі уақытта желілердің тозу деңгейі 68%-дан асады, ал құбырлардың бір бөлігі 50 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Реконструкция жұмыстары апат деңгейін төмендетіп, 817 көппәтерлі тұрғын үйдің, 666 жеке үйдің және 157 әлеуметтік пен коммерциялық нысанның жылумен жабдықталу сапасын жақсартады, сондай-ақ жаңа нысандарды қосуға мүмкіндік береді.
Абай қаласында Қарағанды ГРЭС-інен «Абай» сорғы станциясына дейінгі магистральдық жылу желілерін, сондай-ақ жылу камерасын (ТК-15) реконструкциялау жоспарланып атыр. Мұнда желілердің тозу деңгейі шамамен 69%-ға жеткен, ал құбырлардың бір бөлігі 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Жобаны іске асыру апат қаупін азайтуға және реконструкцияланатын учаскедегі желілердің тозуын 99,9%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл Абай қаласының 28,5 мың тұрғынын үздіксіз әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Жобалар Қарағанды облысы әкімдігінің облигацияларын сатып алу есебінен қаржыландырылады.
Жобалар Қарағанды облысы әкімдігінің облигацияларын сатып алу есебінен қаржыландырылады.
«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Қарағанды облысында жылумен жабдықтауды жаңғырту жобаларын қаржыландырды. Осы мақсатта ҚТК «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 11,5 млрд теңгеге өңір әкімдігінің облигацияларын сатып алды. Жобаның жалпы құны 21,3 млрд теңгені құрайды», - деп хабарлады ҚТК.
Еске салайық, бұған дейін өңірлік энергетика және ТКШ басқармасында ЭКСЖ аясында Қарағанды облысында он шақты жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғаны айтылған еді.