Қаз

Цифрлық шешімдерді енгізу

Цифрландыру және ақылды технологиялар

Цифрландыру және ақылды технологияларды енгізу – Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық желілерін жаңғыртуда шешуші рөл атқарады және мына әрекеттердің тиімді іске асырылуына мүмкіндік береді:

  1. Тиімдірек басқару;
  2. Шығындарды азайту;
  3. Халыққа көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасын арттыру.

Мәселелерді инновациялар арқылы шешу

  1. Қазіргі кездегі бар кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді;
  2. Жүйелердің тиімділігін, тұрақтылығын және қауіпсіздігін арттырады.

Инновацияның негізгі бағыттары

Иконка

Энергия тиімділігін арттыру

Энергия тұтынуды азайтатын жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу (мысалы, смарт есептегіштер, энергияны үнемдейтін жабдық).

Иконка

Ақылды желілер және цифрландыру

Энергия бөлуді оңтайландыру, жүйе жағдайын бақылау және ақау туындаған жағдайда жылдам әрекет ету үшін ақпараттық технологияларды пайдалану.

Иконка

Энергияны сақтау

Айнымалы энергия көздерін пайдалана отырып, жабдықтау тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жаңа аккумуляторлық технологиялар мен сақтау жүйелерін әзірлеу.

Иконка

Қоршаған ортаға зиянын азайту

Қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың инновациялық әдістері, парниктік газдардың қалдықтарын азайту, «жасыл» технологияларды дамыту.

Иконка

Сенімділік пен қауіпсіздікті арттыру

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін киберқауіпсіздік шешімдерін енгізу, басқару жүйелерін автоматтандыру.

Иконка

Жаңа бизнес үлгілерін құру

Инфрақұрылымды тиімдірек пайдалануға ықпал ететін ресурстарды ортақ пайдалану үшін платформаларды әзірлеу (мысалы, күн батареялары немесе электромобильдер).


Жылумен жабдықтауда – Smart Metering

Бұл келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Энергия шығындарын барынша азайтады (жылу энергиясын тасымалдау және бөлу кезіндегі ысыраптар 42%-ға дейін) және соның нәтижесінде қаржылық шығындарды азаяды;
  • Басқару процестерін оңтайландыру және коммуналдық қызмет тиімділігін арттырады;
  • Жылумен жабдықтау ұйымдарының тиімділігін арттырады;
  • Есепке алудың дұрыстығын арттырады және тұтыну мөлшерін бақылауды жақсартады;
  • Апаттар мен төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге көмектеседі;
  • Ұсынылатын қызметтердің тұрақтылығы мен сапасын айтарлықтай арттыруға септігін тигізеді.

Электр энергетикасында – Smart Grid

Электр энергетикасында аспаптар мен цифрландыру мыналарға мүмкіндік береді:

  • Энергияны беру және бөлудегі шығындарды азайтады;
  • Шығыстарды бақылау мен есепке алудың нақтылығы мен тиімділігін арттырады;
  • Сектордың тиімділігі мен ашықтығын арттырады;
  • Шығындарды азайтады.

Smart Grid элементтерін енгізуді жалғастыру қажет. Мысалы, автоматтандырылған есепке алу жүйелері, қосалқы станцияларды бақылау жүйелері, геоақпараттық жүйелер, жүктемені автоматтандырылған басқару және төтенше жағдайларда электр желілерін қалпына келтіру керек болады.


Сумен жабдықтау және су бұруда – Smart Water

Сумен жабдықтау және су бұруда аспаптау, цифрландыру:

  • Су ресурстарын басқарудың ашықтығын арттырады;
  • Қызмет көрсету сапасын арттырады;
  • Шығындарды барынша азайтады;
  • Сумен жабдықтау және кәріз желілерін бақылауды жақсартады;
  • Желі жұмысының тиімділігін арттырады;
  • Операциялық шығындарды азайтады;
  • Республика бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерін тиімді басқарудың кешенді шешімін қамтамасыз етеді;
  • Төтенше жағдай кезінде жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Важно

Су шығыны 14% құрайды. Телеметриямен және әртүрлі көздерден алынған мәліметтерді біріктіретін есепке алу жүйесінің болмауы нақты шығындар мен тұтыну мөлшерін бақылауды қиындатады.

Smart Water технологияларын енгізу – су сапасын автоматтандырылған басқаруды, географиялық ақпараттық жүйелерді, сорғы станцияларын қашықтан басқару жүйелерін, тұтынуды болжаудың болжамды аналитикалық жүйелерін және сумен жабдықтауды автоматты басқаруды қамтиды.

Негізгі мақсаттары Қазақстанда ТКШ цифрландырудың:

Иконка

Шығындарды азайту және энергия тиімділігін арттыру

Иконка

Ресурстарды есепке алу мен бақылауды жақсарту (су, жылу, электр, газ)

Иконка

Тариф белгілеудің және тұтынушылармен есептесудің ашықтығы

Әлеуеті мен пайдасы:

  • Апаттық-диспетчерлік қызметтердің жеделдігін арттыру;
  • ТКШ басқарудың бірыңғай цифрлық платформасына деректерді интеграциялау және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту;
  • Ресурстардың ысырап болуын 15-30%-ға қысқарту;
  • Төлемдер жинауды арттыру және берешекті төмендету;
  • Тұрғын үй қорының және инженерлік желілердің жағдайы туралы бірыңғай деректер базасын құру; коммуналдық салаға инвестициялар мен сенімділікті ынталандыру.