Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар Шымкентте коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері бойынша медиатренинг өтті

13 Мамыр 2026 ж.

Шымкентте коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері бойынша медиатренинг өтті

Шымкент, жаңғырту, энергетика, коммуналдық сектор, Ұлттық жоба, модернизация, - МЭКС

ЭКСЖ аясында реконструкциялау көлемін ұлғайту жоспарланып жатыр ма, қайталама қоғамдық тыңдаулар өткізуге бола ма, жер учаскелеріне мемлекеттік актілері жоқ әуе желілерін қабылдау актілерін тіркеу кезіндегі құқықтық қайшылықтарды қалай реттеуге болады – осы және өзге де өзекті мәселелерді ЭКСЖ Ұлттық жобасын жария ету бойынша медиатренингке қатысушылар талқылады. Саланың өзекті мәселелеріне, жобаларды іске асыру механизмдеріне және практикалық кейстерге ерекше көңіл бөлінді.

Тренинг 13 мамырда Шымкентте ЭКСЖ-ның жобалық кеңсесінде өтті. Іс-шараға жергілікті БАҚ және өңірлік табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде Ұлттық жобаны іске асыруға қатысатын орталық мемлекеттік органдардың (табиғи монополияларды реттеу, құрылыс және ТКШ істері, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеттері), сондай-ақ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығының» және «Бәйтерек» холдингінің өкілдері сөз сөйледі. Олар қатысушыларды ЭКСЖ-ның мақсаты және өзекті нәтижелерімен таныстырып, осы ауқымды жобаның қандай мәселелерді шешетінін айтып берді.

Ұлттық жоба аясында 2026 жылға энергетикалық және коммуналдық шаруашылықтың барлық саласында шамамен 7,6 мың шақырым желіні жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, биыл 8 кәсіпорын «қызыл аймақтан» шығады деген жоспар бар. Олардың қатарында «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС бар.

Тренинг соңында өзекті мәселелер бойынша пікірталас және практикалық кейстер негізінде тәжірибе алмасу өтті. 

Анықтама: «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы республика бойынша 2029 жылға дейін іске асырылады. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетуге және апат қаупін 20% қысқартуға бағытталған. ЭКСЖ – бұл коммуналдық қызметтердің сапасы мен тұрақтылығын арттыру, таза су және экологияны жақсарту.