29 Қыркүйек 2025 ж.
Қазақстанда әрбір екінші су есептегіш құрал деректерді жинай алады

Қазақстанда қажетті суды есептеу аспаптарының 70%-дан астамы ғана орнатылған. Ал қолданыстағы орнатылған жалпыүйлік есептегіштердің 54%-ында ғана деректерді қашықтан беру функциясы бар.
Бұл туралы табиғи монополиялар субъектілері мен отандық тауар өндірушілерге арналған семинар-кеңес барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбеков хабарлады.
«Республика бойынша 37 мың жалпыүйлік су есептегіш құралдарын орнату қажет. Қазіргі таңда шамамен 26 мың есептегіш орнатылған, бұл қажетті жалпы санының 71%-ын құрайды. Алайда бар жалпыүйлік есептегіштердің 54%-ында, яғни шамамен 14 мың есептегіште ғана деректерді қашықтан беру мүмкіндігі бар», - деді ол.
Қалған 12 мың есептегіште бұл функция жоқ. Бұл жүйені жедел мониторинг пен басқару мүмкіндігін қолжетімсіз етеді.
«Ұлттық статистика мәліметінше, 2024 жылы су саласындағы есептегіш құралдардың деңгейі және сандық активтердің үлесі өте төмен. Су саласындағы материалдық емес активтердің негізгі құралдарға қатынасы небәрі 0,16%. Бұл елдегі барлық сала арасында ең төмен көрсеткіштердің бірі», - деді Нұрлан Солтамбеков.
Сонымен қатар, электр энергетикасы салаларында – 0,30%, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет салаларында бұл көрсеткіш 9%-дан асады. Сондықтан бүгінде Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымы күрделі жағдайда. Бүкіл ел бойынша су құбырлары мен кәріз желілерінің ұзындығы 380 мың шақырымнан асады, оның ішінде су құбырлары 250 мың шақырым.
Ел бойынша желілердің тозуы орташа есеппен:
· сумен жабдықтауда – 40%;
· кәріз желілерінде – 54%, ал жекелеген КТҚ тозу дәрежесі 70-80%-дан асады.
«Желілер мен құрылымдар ондаған жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. кейбір желілерді тіпті, қолдану мерзімінен асып кеткен, салдарынан әбден тозған. Желілерді тозуы судың ағып кетуіне, суды ысырап қылуға, апаттың жиі болуына әкеледі.
Бұл мәселелердің одан сайын ушығуына нақты деректердің жоқтығы да әсер етеді. күмәнді есептер және деректердің бір жүйеге жинақталмауы салдарынан да желілерді мәселе туындайды», - деп түсіндірді «ТКШ ҚазЦентр» АҚ басшысы.
Шешілмеген мәселелердің салдарынан оңтайландырудың орнына нысандардың көп қуат тұтынатыны, тазарту жүйелеріндегі олқылықтар анықталады. Ақырында жаңарту, жөндеу жобаларының құны қымбат болады және жүйенің өткізу қабілетінің нашарлауы салдарынан сумен жабдықтау тапшылығы шиеленісе түсуде.
«Есепке алу мен бақылау әлі де мәселе. Мемлекеттiк ақпараттық жүйенi енгiзуге қарамастан, желiлер мен нысандардың жай-күйi туралы деректер толық емес. Верификация болған жағдайда да жүйе әрдайым нақты көріністі көрсете бермейді. Әсіресе, жеке және аз қуатты нысандар бөлігінде, бұл жаңғырту жоспарын дайындау кезінде қиындық тудырады», - деп ол баса айтты.
Бұдан басқа, Қазақстанда су тапшылығы, суды тасымалдау кезінде шығын,
желілердегі тұрақсыз қысым және қызметтердің сапасыз болуы секілді мәселелер бар.
«Бұл мәселенің барлығы су арналарының қаржы-шаруашылық қызметіне тікелей әсер етеді. Тозған желiлер мен құрылыстар жоғары пайдалану шығыстарына, су мен энергияның едәуiр ысырабына, апаттық шығындарға әкеп соғады. Салдарынан кәсiпорындар шығынға ұшырайды және жаңғырту мен қайта жаңарту үшiн ресурстарды жинақтау мүмкiндiгi болмайды. Дәл осы күрделі жағдайда Ұлттық жоба іске қосылады», - деп Нұрлан Солтамбеков.
Ұлттық жоба аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бойынша шамамен 600 млрд теңгеге 4,7 мың км су құбыры желілерін және шамамен 1,1 трлн теңгеге 2,6 мың км су бұру желілерін жаңғырту және 45 КТҚ салу жоспарлануда.
Тариф арқылы инвестицияларды қайтарылады. Бұл ретте мемлекет тартылған инвестициялардың пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды.
«Бұл әрбір жобаның тиімділігі бірінші орында екенін білдіреді. Кез келген тиімсіз шешімдер немесе шығындар автоматты түрде тұтынушылар үшін ауыртпашылыққа айналып, кәсіпорындардың тұрақтылығын төмендетеді», - деп түсіндірді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ.
Осыдан автоматтандыру және кешенді есепке алу жүйелерін енгізудің негізгі қажеттілігі туындайды, олар сумен жабдықтау мен су бұрудың ағымдағы жай-күйінің мониторингін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар:
- су ысырабын жылыстауды жедел анықтау және рұқсатсыз іріктеу есебінен едәуір азайтуға;
- сорғы станцияларының жұмыс режимін оңтайландыру, бұл электр энергиясын тұтынудың төмендеуіне және жабдықтың қызмет ету мерзімінің ұзартылуына әкеледі;
- жүйенің тұрақты жұмысын, авариялықты төмендетуді және соңғы тұтынушыларды сумен жабдықтау сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, желідегі қысымды теңестіруге;
- аумақтық және маусымдық ерекшеліктерді ескере отырып, гидравликалық аймақтарды тиімді басқаруға;
- ең бастысы – жүйенің нақты жай-күйін, әлеуетті тиімділігі мен тәуекел деңгейін ескеріп, капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларға басымдық беру.
«Цифрландыру саланың жұмысын нақты өзгерту үшін біз өтінімді қалыптастырудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі инженерлік инфрақұрылымды цифрландыру және автоматтандыру жөніндегі жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеуге дайынбыз», - деп Нұрлан Солтамбеков сөзін түйіндеді.