26 August, 2025
«Бәйтерек» холдингі халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуде

2025 жылы Дүниежүзілік банкпен, Азия даму банкімен, IFC және ЕҚДБ-мен келіссөздер өтті. 29 мамырда ЕҚДБ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, ал Дүниежүзілік банкпен Рrogram for Results Financing форматындағы жобалар пысықталуда.
Бұл туралы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысына арналған ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Бәйтерек ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева мәлімдеді.
ЭКСЖ шеңберінде холдинг жобаларды қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тарту бойынша халықаралық қаржы институттарының өкілдерімен кездесулер өткізді:
– 2025 жылғы қаңтар, маусым және тамыз айларында - Дүниежүзілік банк делегациясымен;
– сәуір айында – Азия Даму Банкі мен IFC өкілдерімен;
– 2025 жылғы мамыр, маусым айларында - Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің делегациясымен.
"Өткізілген кездесулер мен келіссөздер барысында халықаралық қаржы ұйымдары жылу энергетикасы, электр энергетикасы, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қаржыландыру тетіктері бойынша ұсыныстар ұсынды. 2025 жылғы 29 мамырда ЕҚДБ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды", - деп түсіндірді ол.
Дүниежүзілік банкпен нәтижеге бағдарланған жобаларды қаржыландыру – Program for Results Financing бағдарламасын іске асыру үшін жобаларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Ұлттық жобаны іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту үшін Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп өңірлерде көшпелі кеңестер өткізіледі. Олардың мақсаты – холдинг пен еншілес ұйымдар құралдарының артықшылықтарын түсіндіру», - деді холдингтің басқарушы директоры.
Холдинг ЭКСЖ аясында монополистердің өтінімдерін қарау үшін қаржылық өлшемшарттарды аударды.
Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларына қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін қаржыландыру немесе субсидиялау тетігін айқындау үшін «Табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидалары» жобасына сәйкес қаржы операторы Ұлттық жобаға сәйкес қаржыландыру тетігін айқындайтын болады. Бұл ретте техникалық, қаржылық және заңдық критерийлер ескерілетін болады. Қазір құжат уәкілетті мемлекеттік органдар қарастырып жатыр.
Табиғи монополиялар субъектілерінің қаржылық орнықтылық пен төлем қабілеттілігі мәніне өтінімдерін қарау үшін қаржылық өлшемдер келесідей:
- банкроттық белгілерінің болмауы;
- бюджет және/немесе кредиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы;
- ағымдағы міндеттемелерге қызмет көрсетуге ақшалай қаражаттың болуы;
- қаржылық көрсеткіштердің теріс динамикасының болуы;
- ЖАО МБҚ сатып алу арқылы құрал үшін тиісті жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет есебінен сыйақы сомасын және негізгі борышты толық жабу немесе облигациялық қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің кемінде 10%% және жобаның қаржылық моделінде көрсетілген тариф есебінен негізгі борышты жабу туралы міндеттемесінің болуы;
- тікелей кредиттеу құралы үшін жобаның қаржылық моделінде көрсетілген тариф есебінен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің және негізгі борыштың кемінде 10%-ын жабу.
«Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдар, Екінші деңгейдегі банктер және халықаралық қаржы институттары арқылы кредит беру, сондай-ақ қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жолымен табиғи монополиялар субъектілерін қаржыландыру жөніндегі оператор болып айқындалды», - деп нақтылады Әлия Мырзағалиева.