2029 жылға қарай «қызыл аймақтан» 70 коммуналдық кәсіпорын шығарылады

коммуналдық желілер, жаңғырту, Ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2029 жылға қарай жоғары тәуекел аймағынан 70 коммуналдық кәсіпорынды шығару жоспарлануда. Сөз желілер мен жабдықтардың тозуы жоғары болуына байланысты жылумен, сумен және электрмен жабдықтаудың сенімділігіне тікелей әсер ететін ұйымдар туралы болып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Дарбаев айтты.

Сонымен қатар алғашқы нәтижелер де бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің сегізі «қызыл аймақтан» шығарылды. Тағы сегіз кәсіпорынды 2026 жылы жоғары тәуекел санатынан шығару жоспарланып жатыр. Ол үшін нысандарда тозған желілер мен жабдықтар жаңартылып, өндірістік қуат көздері жаңғыртылып, апат қаупі төмендетілуде. 

Ұлттық жоба барлығы табиғи монополияның 247 субъектісін қамтиды. Ұлттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша инфрақұрылымы тұрақты кәсіпорындардың үлесі айтарлықтай өсіп, ал тозу деңгейі қауіпті шекке жеткен ұйымдардың саны азаюы тиіс.

Жазылыңыз МЭКС-тің ресми Telegram арнасына