Колл-центр
18 Желтоқсан 2025 ж.
«Бәйтерек» холдингі ЭКСЖ жобаларын қаржыландыру бойынша вебинар өткізеді
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2025 жылғы 23 желтоқсанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жоба аясында инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін түсіндіру мақсатында вебинар өткізеді.
Жиын барысында спикер ретінде холдингтің басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева сөз сөйлейді.
Вебинарда инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі құралдары мен тәсілдері, бастамашыларға қойылатын талаптар, сондай-ақ Холдингтің даму институттарымен өзара іс-қимылдың практикалық мәселелері қаралады.
Оған табиғи монополиялар субъектілері, өңірлердің әкімдіктері, ТКШ кәсіпорындары, салалық ұйымдар және энергетика және коммуналдық инфрақұрылым саласындағы жобаларды іске асыратын басқа да мүдделі қатысушылар шақырылады.
Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: