2 Қазан 2025 ж.
«Бәйтерек» ЭКСЖ жобаларына ТМС-нің 10% қатысу шартын түсіндірді

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына қатысатын табиғи монополиялар субъектілерін (ТМС) қаржыландыруға қажетті қаражатты тікелей «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне қарасты Қазақстан Даму Банкі береді.
Табиғи монополия субъектілері жоба құнының кемінде 10%-ын өздері қаржыландыруы тиіс. Бұл қаржыландырудың негізгі шарттарының бірі.
Бұдан басқа, жобаларды іріктеу критерийлеріне 55% желілер мен жабдықтардың тозуы, бекітілген тарифтер, мемлекеттік сараптама жүргізу, республикалық бюджет комиссиясының субсидиялау туралы шешімдерінің, техникалық оператордың қорытындыларының болуы, 70 мың адамнан бастап абоненттік база деңгейі жатады.
Сонымен қатар жобаларды іріктеу критерийлеріне: желілер мен жабдықтардың тозу деңгейі 55%-дан жоғары болуы, бекітілген тарифтердің болуы, мемлекеттік сараптамадан өтуі, субсидия беру жөнінде бюджет комиссиясының шешімі, техникалық оператордың қорытындысы және абоненттік база көлемі кемінде 70 мың адамнан кем болмауы шарт.
Қарыз сомасы - 3 млрд теңгеден бастап, қарыз мерзімі жеке белгіленеді, ол 20 жылдан аспайды. Пайыздық мөлшерлеме нарық деңгейіне байланысты белгіленеді, оның 10%-ын табиғи монополия субъектісінің тарифі арқылы жабылады, қалған бөлігі субсидияланады.
Негізгі қарыз бойынша жеңілдікті кезең – кемінде бір жыл, субъект қарызды толық қайтарамын деп кепіл береді.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева 10%-ды қолма-қол ақшамен салу міндетті емес екенін айтты.
«Біз салымды міндетті түрде қолма-қол төлеу керек деп талап қоймаймыз. Егер біз транш беретін болсақ, сізде құрылыс жұмыстарына арналған жобалық құжаттама болуы, жабдықтар сатып алынуы немесе белгілі бір жұмыстар атқарылуы қажет. Ал мұның бәрі өз капиталыңыз ретінде есептелуі мүмкін. Яғни, егер жобаның құны 100 теңге болса, сіз міндетті түрде 10 теңгені қолма-қол төлеуіңіз керек деген сөз емес. Салым жобалық құжаттама немесе жобаның аясында атқарылған жұмыстар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, егер сіз жобаны өз қаражатыңызға, біздің қолдауымыздан бұрын бастап кеткен болсаңыз, бұл да өз капиталыңыз ретінде есептеледі», - деді ол.