24 Қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық жоба аясында жобалау және құрылыс бойынша жұмыстарды сатып алу кешенді түрде жүргізіледі

Бұл білікті мердігерлерді тартуға және олар ұсынатын ең жақсы шарттарды таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде ЭКСЖ ұлттық жобасын асыру шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді жеткізушіні таңдау ережелерін әзірлеу шаралары бекітілді. Біз бұл ережелерді жобалау және құрылыс бойынша кешенді жұмыстар сатып алынатынын ескере отырып әзірледік. Ережелер білікті мердігерлерді тартуға және олар ұсынатын ең жақсы шарттарды таңдауға барынша бағдарланған», - деді ол.
Бұл шаралар алты кезеңнен тұрады:
1) байқау құжаттамасын және хабарландыруды бекіту;
2) өтінімдерді қабылдау;
3) біліктілік органының өтінімдерді қарауы;
4) рұқсат беру;
5) ұсыныстарды салыстыру;
6) қорытынды шығару.
Процедура мерзімі бойынша 11-ден 25 жұмыс күніне дейін өзгереді.
Бірінші кезеңде біліктілік іріктеу ашылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Автоматтандырылған платформада рұқсаттардың болуы, қаржылық тұрақтылық, тізімдерде жосықсыз қатысушылардың болмауы тексеріледі. Бұл мәліметтер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның электрондық платформасында және мемлекеттік сатып алулар порталында тексеріледі.
Комиссия үш бағытты тексереді: ұқсас нысандар бойынша жұмыс тәжірибесін белгілеу, еңбек ресурстарының болуы, жүктеме көрсеткіші. Процестің барынша автоматтандырылуы мемлекеттік сатып алулар порталы, «Самұрық-Қазына» АҚ порталдары, сондай-ақ Салық комитетінің дерекқорларымен интеграция арқылы жүзеге асырылады.
Шағым қорытындылар шығарылғаннан кейін қолжетімді болады. Оны біліктілік органы қарайды және шешім сатып алынатын нысанға немесе бағытқа байланысты уәкілетті орган бекітеді.