Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

28 Қазан 2025 ж.

Ұлттық жоба аясында электр энергиясының шығыны 57 млрд теңгеге қысқарады

электр энергиясы, ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

Мұндай нәтижеге электр энергиясын есепке алудың интеллектуалды жүйелерін қолдануды кеңейту арқылы қол жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов электр энергетикасын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралған үкімет отырысында хабарлады.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында электр энергиясын интеллектуалды есепке алу жүйелерімен қамтуды арттыру жоспарда бар. Осыған байланысты Ұлттық жоба аясында үш жыл ішінде 27 электрмен жабдықтау субъектісінде 4 миллион «ақылды» есептеу аспабымен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Нәтижесінде электр энергиясының нормативтік шығындарын қысқарту арқылы 57 млрд теңге үнемделеді», - деді ол.

Ұлттық жоба аясында жылу энергиясын автоматтандырылған есепке алуды жаппай енгізу жоспарланып отыр.

«Жылумен жабдықтау нысандары мен ірі тұтынушылар жарақтандырылған, алайда басты алшақтық - магистральдық және таратушы жылу желілерінде. 52 субъект бойынша мәлімделген қажеттілік шамамен 30 мыңнан астам «ақылды» жылу энергиясын есептеу құралдары», - деп нақтылады министр.

«Жылу энергиясын жеткізетін нысандар мен ірі тұтынушылар қазірдің өзінде жабдықталған. Дегенмен басты мәселе – магистральдік және тарату желілерінде. 52 өңір бойынша шамамен 30 мыңнан астам «ақылды» жылу есептегіш құралын орнату қажет», - деді министр.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, кешенді есепке алу нәтижесінде жылу энергиясын үнемдеу 15%-ға дейін жетеді.

Ұлттық жоба аясында аспаптандыру үшін тек отандық тауар өндірушілердің тауарларын қолдану жоспарланған. Жүйелерді біріктірудің бірыңғай архитектурасы есептегіш құралдардан деректерді жинап, EnergyTech платформасының аналитикалық базасына жеткізуді қамтамасыз етеді.