16 Қыркүйек 2025 ж.
ТКШ жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: Қостанай облысында «Қостанай-Су» МКК пилоттық жобасы бастау алды

16 қыркүйекте Қостанай облысында әкімдіктердің өкілдері, табиғи монополия субъектілері, құрылыс және жобалау компаниялары, отандық өндірушілер, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, салалық қауымдастықтар, екінші деңгейлі банктер мен БАҚ үшін көшпелі семинар-кеңес өтті.
Талқылау барысында мемлекеттік қолдау шаралары мен инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландыру тетіктерін қоса алғанда, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының (ЭКСЖ) басым бағыттары ұсынылды.
Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің, өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ және «ТКШ ҚазОрталығы»АҚ өкілдері баяндама жасады.
Қостанай облысында «Қостанай-Су» МКК бойынша пилоттық жобаға ерекше назар аударылды, онда су бұру желілерінің тозуы 68,7% - ға жетеді. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2025 жылға жер тұндырғыштарындағы ауысу камераларын жаңғырта отырып (Қостанай қ.0-14 км учаскесі) ағынды сулардың жинақтаушы-буландырғышына дейін қысымды кәріз коллекторының екінші тізбегін қайта жаңарту жоспарланған.
Қостанай облысында 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде инвестициялардың жалпы көлемі 9,9 млрд теңгені құрайды.
Жобаны іске асыру желілер мен жабдықтардың тозуын кемінде 2% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. Өңірдегі су бұру желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 514,2 км құрайды, 98 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді.
Семинар көшпелі іс-шаралар сериясының соңғы кезеңі және тәжірибе алмасу, сондай-ақ ұлттық жобаны өңірлік деңгейде іске асыру жөніндегі практикалық қадамдарды келісу үшін маңызды алаң болды.