Колл-центр
31 Қазан 2025 ж.
Тарифтер инвестицияны қайтаруға кепілдік болады
Монополист кәсіпорындар ірі қарыздарға байланысты шығындарын тарифке қосуға кепілдік алды. Бұл Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін мүмкін болды. Аталған өзгерістер 2025 жылғы 29 мамырда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің №45 бұйрығы бойынша бекітілген.
Қабылданған құжат «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясынла жобаларды іске асыру үшін табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) тартқан ірі қарыздар мен несиелер бойынша шығыстарды тарифтік сметаға қосуды қамтамасыз етеді.
Басты жаңалық – тарифтерді қалыптастыру ережесінде 6-1 жеке тараумен бекітілген тариф арқылы қаржылық кепілдікті енгізу. Енді монополистердің Ұлттық жоба аясында алынған қарыздар бойынша сыйақылар (пайыздар) мен негізгі борышты төлеуге арналған шығыстары активтердің қалдық құны немесе пайда деңгейі бойынша шектеусіз тарифке енгізілуі мүмкін.
Басты жаңалық – тариф арқылы қаржылық кепілдікті енгізу, бұл тарифтерді қалыптастыру қағидаларында 6-1-тарауда жеке бекітілген. Енді Ұлттық жоба аясында алынған несиелер бойынша сыйақы (пайыз) мен негізгі қарызды өтеуге бағытталған монополистердің шығындары тарифке қосыла алады. Бұл ретте активтердің қалдық құнына немесе кіріс деңгейі бойынша шектеусіз тарифке енгізілуі мүмкін.
Бұл табиғи монополия субъектілеріне оларды қайтару кезеңінде миллиардтаған долларлық несиелерді өтеуді жоспарлауға және саладағы қаржы ағынына болжам жасауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, тарифтік реттеуші қарызды қайтаруға арналған шығындарды кредиттік міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзіміне тарифтерге қосуды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тәсіл ұлттық жобаны іске асырудың тұрақты қаржылық тетігін жасайды және инфрақұрылымды жаңартуға ұзақ мерзімді инвестициялардың ағынын ынталандырады.
Бұдан басқа, тарифтік реттеуші қарыз қаражатын қайтаруға арналған шығындарды кредиттік міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзіміне тарифтерге қосуды қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай тәсіл Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін тұрақты қаржылық тетік қалыптастырып, инфрақұрылымды жаңартуға ұзақ мерзімді инвестиция тартуға мүмкіндік береді.