Қаз

26 August, 2025

Тариф көтерілгеннен кейін ТКШ қызметтерінің сапасы қалай өзгереді

9 ЖЭО қызыл аймақтан сарыға көшті.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысына арналған баспасөз конференциясы барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.

Журналистер энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту мен тарифтердің өсуіне байланысты қазақстандықтар үшін не өзгереді деген сұрақ қойды.

«Ең алдымен, қазір жаңғырту – қажетті шара екенін атап өткен жөн. Біз барлық желілерде жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, тозуды азайтамыз. Тиісінше, көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарады, яғни үздіксіздік, тұрақты жұмыс істейді, апаттар саны азаяды», - деді ол.

Оның айтуынша, 2029 жылға қарай табиғи монополиялардың барлық субъектілері Нормативтік жұмыс жағдайына көшеді, яғни 2022-2023 жылдары болған проблемалар алынып тасталады.

«Осылайша сапа жақсарып және желілердің тұрақты жұмыс істеу тұруы қамтамасыз етіледі. Бүгінде Қазақстан бойынша орташа тозу 52%-ды құрайды. Нысандарды жаңарту жұмыстары жыл сайын жүргізілуде. 2025 жылы 9 ЖЭО сыни аймақтан - сары аймаққа ауысты, тозу көрсеткіші 65%-дан азайды. Бұл Екібастұз, Өскемен, Жезқазған ЖЭО, сондай-ақ Балқаш, Рудный, Риддер, Шахтинск ЖЭО, «Қармет» АҚ және Кентауда өңірлерінде байқалды. Болашақта бұл кәсіпорындардың инфрақұрылымы әлі де жақсарады», - деді ТМРК-нің басшысы.

Бұдан бөлек, ол ауылдық елді мекендердің желілерін жаңғырту туралы мәселеге түсініктеме бере отырып, өңірлердегі нысандардың кеңейетінін хабарлады.

«Ауылдық жерлерде нысандарды ірілендіру тетіктері жүзеге асырылады. Өйткені бұл субъектілер аз және олардың тұтыну көлемі де аз. Инвестициялық жоба аясында қайтарымсыз бюджет қаражаты тартылады деп болжануда. Себебі база аз, бірақ көлемді инвестиция тартуды қажет етеді. Ал бұл жағдай тарифтің өсуіне әсер етеді. Түптеп келгенде ауылдық елді мекендерде де жұмыс жүргізілетін болады», - деп қорытындылады Тимур Қосымбаев.