Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

21 Қазан 2025 ж.

Табиғи монополистердің есебі мен аудит деректерін қайдан табуға болады?

монополист, аудит, жаңғырту, ұлттық жоба, - МЭКС

Табиғи монополия субъектілерінің қызметінің ашықтығы заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген. Барлық өтінімдер, есептер және тарифтерге түзетулер «Монополист» базасының электрондық жүйесі арқылы жіберіледі және қаралады. Бұл жүйе 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 2023 жылы жаңартылған.

Кез келген тұтынушы субъектілер мен уәкілетті орган арасындағы өтінімдер материалдарына, есептерге, түзетулерге және хат алмасуларды қарай алады. Бұдан бөлек, жыл сайын инвестициялық бағдарламалардың орындалуына талдау жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда қаражат тұтынушыларға қайтарылады, ал кәсіпорындарға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады. Осылайша, жүйе тариф белгілеудің ашықтығына және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға кепілдік береді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМР) төрағасы Тимур Қосымбаевтың мәліметінше, өткен жылыту маусымынан қазақстандықтарға 1,6 миллиард теңге қайтарылады.

«Бұл есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға жылу энергиясын тұтыну көлемін қайта есептеу негізінде есептелген сома. Біз температура бойынша жоспарлы және нақты деректерді салыстырдық. Былтыр қыс қатты болған жоқ. Қайта есептеу жүзеге асырылды. Ол табиғи монополиялардың 115 субъектісіне қатысты болды және 680 мың абонентке артық төлеген ақшасы қайтарылды. Ережелер бойынша қайтару механизмі анықталды. Яғни, бұл қаражат алдағы жылыту маусымында тұтынушының дербес шотында сальдо түрінде, яғни шегеріліп көрсетіледі. Осылайша, келесі жылу беру маусымында тұтынушы осы соманың айырмасын аз төлейді», - деп қорытындылады ол.

 Еске салсақ, ЭКСЖ аясында 10 миллионнан астам есептеу құралын орнату жоспарланған. Бұл нақты тұтыну бойынша есептеулерге көшуге, азаматтар үшін ашықтықты арттыруға, даулы төлемдер санын азайтуға және коммуналдық желілерді басқарудың заманауи үлгілерін енгізуге мүмкіндік береді.