Колл-центр
4 Қараша 2025 ж.
Сатып алулар бойынша жаңа платформа: ЭКСЖ ұлттық жобасына қатысушылар үшін оқыту курсы басталды
3 қарашадан бастап «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының электрондық сатып алу платформасын пайдаланушыларды онлайн оқыту бағдарламасы басталды. Платформаны «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп әзірлеген.
Курс сатып алуға қатысушыларды цифрлық жүйедегі жұмысқа дайындауға бағытталған және платформа модульдерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Оқытудан жергілікті атқарушы органдардың, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері, техникалық және қаржы операторлары, сондай-ақ Ұлттық жобаны іске асыруға қатысатын табиғи монополиялар субъектілері өтеді.
Оқыту бағдарламасы:
• «Өтінім» және «Жеткізушіні анықтау» модульдерінің жұмысын көрсету;
• нұсқаулықтар мен әдістемелік материалдарға қол жеткізу;
• пайдаланушылардың сұрақтарына жауап беретін вебинарлар өткізу.
Онлайн-оқытуды өткізу цифрлық сатып алу рәсімдеріне біртіндеп көшуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қатысушылардың құзыреттілігін арттыруға және Ұлттық жоба аясында бірыңғай жұмыс стандартын қалыптастыруға ықпал етеді.