Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

19 Желтоқсан 2025 ж.

Павлодар облысында ЭКСЖ аясында қандай жобалар жаңартылады

Павлодар облысы, жаңғырту, реконструкциялау, ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

«Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ – ұлттық жаңғырту жобасының ең белсенді қатысушыларының бірі. Компанияның жұмысы Павлодар облысындағы тозу деңгейі аса жоғары электр желілерін қалпына келтіруге, жөндеуге  бағытталған.

Компания инфрақұрылымның жалпы тозу деңгейі 64,4%-ға жеткен өңірде жұмыс істей отырып, апат қаупін жою мен сенімділікті арттыруға бағытталған бірқатар жаңғырту жобаларын ұсынды.  

«Павлодар Электржелілік тарату компаниясы» АҚ шаһрдағы және оның аудандарында 2009-2014 жылдары және одан бұрын іске қосылған жабдықтарды қамтитын тарату желілері (ВЛ-10кВ) мен қосалқы станцияларды кешенді жаңғыртуға баса назар аударып келеді. Көп жағдайда жаңғыртуға ұсынылған желілер мен жабдықтардың тозу деңгейі қызыл аймақта, яғни 90-100%-ға дейін әбден тозған. Мақсаты – апаттың, тозудың және техникалық шығындардың алдын алу.

Ескірген «ауылдық үлгідегі» жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияны қазіргі заманауи сыртқы орнатылымдағы жиынтықты трансформаторлық станцияларына жаңғырту және ауыстыру энергияның тұрақты берілуін арттырып қоймай, жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бос қуатты көбейтуді қамтамасыз етеді. Мұндай жаңғырту ауылдық елді мекендер – Мойылды, Шарбақты, Тосағаш секілді елдімекендердің дамуы үшін аса маңызды.

Ақсу қаласында компания құрғақ күштік трансформаторлары бар жаңа блокты-модульді шағын станциялар салып жатыр. Бұл халықтың электрмен жабдықталу деңгейін жақсартады және электр қауіпсіздігін арттыруға кепілдік береді.

«Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ цифрландыру саласындағы көшбасшылардың бірі. Диспетчерлік бақылау, деректер жинау және энергияны басқару жүйесі (SCADA) 2017 жылы пайдалануға берілген. Бұдан басқа, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) 2009 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізілді және көптеген қосалқы станциялар мен есепке алу тораптарын қамтыды.