Қаз

10 Қазан 2025 ж.

Отандық өндірушілердің тізілімі әр тоқсан сайын тексеріледі

ОТӨ, тізілім, Ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

Бұл туралы журналистерге арналған тренингте Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков хабарлады.

«Энергетикалық және коммуналдық желілерді жаңғырту» ұлттық жобасының басты мақсаты – қолданыстағы инфрақұрылымдық желілерді жаңарту және жаңғырту.

Ал жоба аясында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету – бұл ретте сапасы мен тиімді бағаны, сондай-ақ қажетті жабдықтарды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Бізде кейбір бағыттар бойынша жеткізушілер бар, бірақ белгілі себептерге байланысты олардың мүмкіндігі үнемі пайдаланыла бермейді. Соны ескеріп, біз тауар өндірушілер тізілімін бастадық. Ол қосымша ретінде емес, отандық өндірушілерді танудың жалғасы ретінде жүргізіледі», - деп нақтылады ол.

Бүгінгі таңда Қазақстанда СТ-KZ сертификаты мен индустриялық сертикифат бар. Бірақ уақыт бір орында тұрған жоқ. Сондықтан мемлекет басшысы адам факторын азайту үшін жасанды интеллектіні қолданып, жаңа технологияларға көшу арқылы бұл мәселені цифрландыруды тапсырды.

«Бұл цифрлық құрал болады. Ол органдар алатын деректерді барлық мемлекеттік деректер базасы бойынша: жұмысқа орналастыру, салықтар, импорт тағы басқа салалар бойынша біріктіруге мүмкіндік береді. Математикалық есептеулер арқылы біз кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін көреміз. Ешкімге құпия емес, бізде өздерін ОТӨ ретінде жариялап, бірақ шетелдік өнімдер әкеліп, оны таңбаланы туралы кейстер болды. Соның салдарынан олар өз өндірушілерімізге зиян тигізді. Енді ОТӨ тізілімін енгізе отырып, біз скоринг арқылы өндіріс орнының мәлімдеген ақпаратының шынайылығын байқаймыз, тексереміз, талдаймыз», - деді ӨҚМ вице-министрі.

Жаңа цифрлық құрал кәсіпорындардың есеп деректеріне сүйеніп, тоқсанына бір рет талдау жүргізеді. Нәтижесінде олардың берген ақпараты дұрыс екенін растап отырады.

«Биыл осы тетік туралы талқыладық. Индустриялық сертификат бес және одан да көп жылға берілді, оған 1100-ге жуық бизнес субъектісі ие болды. Қазір олардың саны 1700-ден асады. Біз ОТӨ тізілімі арқылы жалған кәсіпорындардың санын азайтып, нақты кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік болады деп үміттенеміз», - деп нақтылады Олжас Сапарбеков.

Бұл шара кәсіпорындарға жұмыс көлемін тұрақты орындауға, жұмыс орындарын құруға және салықты уақытылы төлеуге мүмкіндік береді. Ал тұтынушылар үшін тауардың елімізде орналасқан жерін білу ыңғайлы болады, бұл өз кезегінде уақыт пен логистикалық шығындарды азайтады.

«Біз ешкімге тәуелді болмаймыз және валюта бағамының қалай өзгергенін, тауардың жеткенін, логистика қандай екенін, оның шекарада қалып қоймайтынына көз жеткіземіз», - деп толықтырды ол.

Еске салсақ, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, ЭКСЖ аясындағы бірінші кезеңде 2785 тауар қажет болады, оның 2400-ін отандық бизнес, яғни Қазақстанда жұмыс істеп тұрған өндірістік алаңдарда өндіруге болады.