Колл-центр
25 Қараша 2025 ж.
ОЭК субъектілері киберқауіп туралы салалық орталыққа 30 минут ішінде хабарлауға міндетті
Отын-энергетикалық кешендегі ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою регламентін ҚР Энергетика министрлігі бекітті. Іс-қимылдың жаңа тәртібі ОЭК саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында бекітілген.
Салалық киберқауіпсіздік орталығында жедел ден қоюды қамтамасыз ететін қатерлерді жіктеудің үш деңгейлі жүйесі жұмыс істейді.
Қауіпті тосын оқиғалар (ОЭК объектілерінің тұрақты жұмысына тікелей қауіп төндіретін) анықталған сәттен бастап бір сағат ішінде жедел әрекет етуді талап етеді. Жоғары қауіп деңгейіндегі оқиғалар бойынша әрекет ету мерзімі – төрт сағатқа дейін.
Қауіп-қатері төмен деңгейлі оқиғалар бойынша әрекет ету мерзімі – 24 сағатқа дейін.
ОЭК субъектілері өздері анықтаған оқиғалар туралы салалық орталыққа 30 минуттың ішінде хабарлауы тиіс.
Салалық орталық та барлық оқиға туралы энергетика саласындағы уәкілетті органға оны анықтаған сәттен бастап бір сағат ішінде хабар беріп, жедел шаралар қабылдауына мүмкіндік жасайды.
ОЭК саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары Энергетика министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 349-н/қ бұйрығы бойынша бекітілген.