29 August, 2025
Қызылорда облысында ЭКСЖ-ға қандай кәсіпорындар қатысады

29 тамызда Қызылордада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға арналған көшпелі семинар өтті. Іс-шараға әкімдіктердің, салалық компаниялардың, банктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ұлттық жобаның мақсаты – коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыру және экономиканың тұрақты дамуы. Семинар аясында өңірдегі үш негізгі кәсіпорындардың жаңғырту жоспарлары ұсынылды:
1. Электрмен жабдықтау
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ: 63,9%-ға тозған электр желілерін ауқымды жаңғырту мен АСКУЭ енгізу жоспарланған. 2025 жылы тозу 2,5%-ға, 2026 жылы - 5%-ға (44,7 млрд теңге қаржыландырумен) төмендейді деп күтілуде.
2. Жылумен жабдықтау
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК: 2025 жылы 7,6 км жылу трассасын жаңарту және жабдықтарды күрделі жөндеу жоспарлануда (тозуды 2,4%-ға төмендету). 2026 жылы - 15 км желіні қайта жаңарту (13,3 млрд теңге, тозуды 2%-ға төмендету).
3. Сумен жабдықтау және кәріз
«Қызылорда су жүйесі» МКК: 2025 жылы 6 км су құбырларын қайта жаңарту, 3 ұңғыманы бұрғылау, кәріз желілерін жөндеу жоспарланған. 2026 жылы - СКАДА жүйесін енгізу және 22 км желіні 4,9 млрд теңгеге қайта жаңарту (тозуды 4%-ға дейін төмендету).
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар 2,45 млрд теңге сомасына 1,43 км магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Ал жоба осы учаскедегі тозуды ахуалын толығымен жояды.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі Арман Мәліктің айтуынша, инфрақұрылымды жаңғырту – өңірдің орнықты дамуы үшін стратегиялық және қажетті қадам. Ол ұлттық жобаны іске асыруға отандық бизнестің қатысуының маңыздылығын атап өтті.