Колл-центр
23 Қазан 2025 ж.
Коммуналдық қызметтер бойынша түбіртектегі деректердің дұрыстығына кім жауапты
«Энергетикалық және коммуналдық желілерді жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тұтынушыларға: жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да түбіртектерді ұсыну кезінде монополистердің бақылауы мен жауапкершілігі күшейтіледі.
Енді Бірыңғай есеп айырысу орталықтарының (БЕО) жұмысына нақты талаптар енгізіледі. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер БЕО-ға шоттарды қалыптастыру үшін беретін деректердің (тарифтердің, көлемдердің, есептеу құралдары көрсеткіштерінің) дұрыстығы және қате енгізілмеуі үшін жауапты болады.
Бұл не үшін қажет:
Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) есептерге бақылау жүргізуші күшейтеді. Олар есептеу мониторингін жүргізеді, тарифтердің сақталуын тексереді және болу мүмкін қателіктерді анықтайды. Мұндай жүйе есептеулердің ашықтығын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және төлемдерді теріс пайдаланудың алдын алуға бағытталған.
Осы өзгерістің барлығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 336 бұйрығы бойынша бекітілген «Коммуналдық қызметтердің тізбесін және Коммуналдық қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асады.