Колл-центр
24 Қазан 2025 ж.
Коммуналдық кәсіпорындар жаңғыртуға қалай қаражат тартады
ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында коммуналдық кәсіпорындар үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) шығару механизмі қарастырылған.
Мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қаржыландыруды арзандату үшін арнайы Ереже қабылданды. Ол жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) жобаларды қаржыландыру үшін шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар) бойынша купондық сыйақы мөлшерін субсидиялауды реттейді.
Облигациялық қаржыландыру аясындағы субсидия – бұл ЖАО облигация иесіне төлейтін шығындарының бір бөлігін өтеу.
Егер ТМС ЖАО-дан алған қарыз бойынша сыйақы мөлшері жылдық 10%-дан асып кетсе, айырма республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен субсидияланады.
Осылайша, ережелер «Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту» жөніндегі жобаларды іске асыруды ынталандыру және қолдау үшін кредиттер мен облигациялар бойынша пайыздық шығыстарды ішінара мемлекеттік (немесе жергілікті) бюджетке аударуға мүмкіндік беретін қаржы тетігін құрады. Бұл процесті іске асыру үшін ақпараттық жүйе (Ұлттық жобаны сатып алудың электрондық платформасы) қолданылады. Ол арқылы субсидиялауға электрондық өтінімдер беріледі. Процеске қаржы операторы («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ), қаржы агенті («Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ), техникалық оператор («Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ) және тарифтік реттеуші қатысады.