Колл-центр
22 Желтоқсан 2025 ж.
Көкшетауда ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында бірнеше нысан жаңартылады
Олар халықты, кәсіпкерлік нысандарын, ауруханалар, балабақшалар, мектептер мен полиция бөлімшелері сияқты әлеуметтік және бюджеттік маңызы бар ұйымдарды тұрақты, қауіпсіз электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Ақмола облысындағы «Көкшетау Энерго» ЖШС ұсынған энергетика секторын кешенді жаңғыртуға арналған бірнеше ірі жоба қазірдің өзінде «мақұлданды» деген мәртебе алды.
Олардың қатарында:
- Біржан сал ауданы: 100% тозған ҚС 35/10 кВ, ВЛ-10 кВ (24,34 км) және ТТҚС жаңғыртуға бағытталған жоба;
- Бурабай ауданы: 100% тозған 110 кВ (49,1 км) ӘЖ және 35 кВ (47,1 км) ӘЖ ауқымды жаңғырту;
- Зеренді ауданы: 100% тозған10 кВ (40,87 км) ӘЖ және 0,4 кВ (51,56 км) ӘЖ желілерін қайта жаңарту;
- Көкшетау қаласы: 35 кВ ВЛ және 0,4 кВ ӘЖ, сондай-ақ 100% тозған ТТҚС жаңғырту.
Дегенмен, өңірдегі бірнеше жобаның маңызы зор. Мәселен, тозу деңгейі 100%-ға жеткен желілерді жаңарту қажет болғанына қарамастан, көбіне «Қайта қарауға жіберілді» мәртебесі берілді. Бұл көбінесе жоба бойынша міндеттемелерге қатысты жолдардың толтырылмауына байланысты болады.
Ең күрделі мәселелер «Ақмола электрожелілік үлестіру компаниясы» АҚ (АЭҮК) қызмет көрсететін электр желілерінде байқалады. Ондаған шақырым желілер мен қосалқы станциялар өз ресурстарын толығымен сарқыды. Алайда «АЭҮК» АҚ жобаларының едәуір бөлігі (мысалы, тозу деңгейі 100% болатын ҚС мен ӘЖ бойынша 10 жоба) қайта өңдеуге жіберілген.