Қаз

13 Қазан 2025 ж.

Қазақстанда 2026 жылдан бастап отандық тауар өндірушілер тізілімі іске қосылады

отандық тауар өндірушілер, ЭКСЖ, ұлттық жоба, - МЭКС

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі оны қазан айының соңына дейін пилоттық режимде енгізуді жоспарлауда. ОТӨ тізілімі бойынша құрал Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. 

«Бізде қажетті заңнамалық нормалар бекітіліп, қабылданды. Қазір жүйе тестілеу режимінен өтуде. Біз оны барлық бизнес субъектілері сынап көруі үшін қазан айының соңына дейін пилоттық жобаға енгізуді жоспарлап отырмыз. Ал қаңтар айынан бастап отандық өндірушілер бойынша түсіністік болуы үшін жыл соңына дейін оны жұмыс режиміне енгіземіз», - деп нақтылады Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков журналистерге арналған тренингте.

Сонымен бір мезгілде сатып алу порталы құрылады, онда ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру аясында сатып алулар мен тендерлер өткізіледі.

Жобаның негізгі мiндеттерiнiң бiрi – коммуналдық нысандарды жөндеуге қажет материалдарды шығаратын қазақстандық кәсіпорындарды тарту. Бұл мақсатта ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу да қарастырылған.

«Бізде өндірілмейтін тауарлық түрлеріне байланысты оффтейк келісімшарттар ұсыну арқылы дамуға қолайлы мүмкіндік бар. Аталған құралдар мен тетіктердің барлығы әзірленген. Біз бұл жұмысты адам факторын азайтып, цифрландыру арқылы бастауды жоспарлап отырмыз. Біз өндірушілердің үлкен пулын дамытуды ойластырудамыз. Отандық өндірушілер осы жерде бәсекеге түсіп, экспортқа шыға алады», - деп нақтылады ол.