Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

12 Желтоқсан 2025 ж.

Жылумен қамту бойынша өңірлер арасында Абай облысы ең көп өтінім берген

жылумен қамту, Абай облысы, жаңғырту, ұлттық жоба, - МЭКС

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның мәліметінше, елдің барлық өңірінен жылумен қамту саласы бойынша ЭКСЖ жобасына қатысу үшін 54 нысанға қатысты өтінім түскен.  

Еске салайық, ТКШ ҚазОрталығы 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының техникалық операторы.

Абай облысындағы табиғи монополия субъектілері (ТМС) жылумен қамту бойынша 15 жобаға өтінім тапсырған. Ал Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе және Павлодар облыстарының ТМС әрқайсысы 7 жобадан ұсынған. Астана қаласынан – 3 жоба, Ақмола және Жетісу облыстарынан – 2 жобадан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының монополистері бір-бір жобадан өтінім берген.

Сондай-ақ су бұру саласы бойынша 30 өтінім қабылданған: Қостанай және Ақтөбе облыстары – 6 жобадан, Қарағанды облысы – 5, Атырау облысы – 4, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары – 2 жобадан, ал Жетісу, Жамбыл және Павлодар облыстары – бір-бірден өтінім жіберген. 

Су жабдықтау бойынша 24 нысан: Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары – 4 жобадан, Қарағанды облысы – 3, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстары – 2 жобадан, ал Павлодар, Қызылорда, Абай облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан бір-бір жобадан өтінім берілген.

Су жабдықтау және су бұру (Сыртқы су құбыры және кәріз желілері) саласындағы жаңғырту және құрылыс жобалары 6 нысанды қамтиды: олардың ішінде Қостанай және Жетісу облыстарында – 2 жобадан, Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында – 1 жобадан.