Қаз

6 Қазан 2025 ж.

Жылу энергетикасы саласында кадр тапшылығын қалай шешуге болады

жылу, энергетика, ЭКСЖ, ұлттық жоба, жаңғырту, - МЭКС

Бұл туралы Астанада өткен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жариялау бойынша медиатренинг барысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты.

Жылумен жабдықтау сапасын арттыру үшін кадр тапшылығы мәселесін шешу өте өзекті. 

«Бұл саладағы басты мәселе – жалақының төмен болуы. Жуырда біз Алматының энергетика және байланыс институтының иесімен кездестік. Биыл алғаш рет жылу энергетикасы бойынша грант негізінде оқуға 200 адам түсті. Мұндай көрсеткіш ешқашан болмаған. Олар бұрын 20-30 адамды әрең жинайтын. Бұл мамандық бойынша оқуға түсушілердің бір демде көбеюі бекер емес. Себебі соңғы екі жылда біз тарифтерді көтере бастадық. Соның нәтижесінде кәсіпорындарда жалақыны көтере бастады. Станциялардағы орташа жалақы 400-500 мың теңгеге дейін көтерілді», - деп нақтылады ол.

Оның пайымдауынша, жылу саласында тариф белгілеу мәселесі өте қиын.

«Жылу тарифтерінің әлеуметтік факторын тежей отырып, бізге оны аздап ауыстыруға, электр энергиясының тарифтері арқылы субсидиялауға тура келеді. Жалақы – кадр тапшылығын жоюда маңызды. Аудандық желілерде электромонтерлер жетіспейді, себебі 150 мың теңге жалақыға жұмыс істеп жүрген маман түнде шалғай ауылдардан шақыру түссе, оған барғысы келмейді. Оларға ауыл шаруашылығында электрик болып, 250–300 мың теңге алып, күндіз үш рет жұмыс істеп, қалған уақытында өз ісімен айналысу тиімді», - деп түсіндірді Сұңғат Есімханов.

Энергетика вице-министрі институтты бітірген соң жоғары білімі бар жас мамандар бірден кабинет жұмысына барып отыра қоймайды. Олардың мансабы әдетте машинист ретінде жұмыс істеуден басталады, уақыт өте келе инженер бола алады.

«Мәселе мынада, институттан кейін 200 мың теңгеге машинист боп жұмыс істеуге ешкімнің барғысы келмейді. Ал жақсы энергетик маманды тәрбиелеу үшін 2-3 жыл қажет. Сондықтан біз де түсінуіміз керек өте маңызды мәселе. Мен тарифтерді көтеру үшін үгіт жүргізіп отырған жоқпын. Бірақ тұтастай алғанда қосалқы станцияларды күрделі жөндеу, тіректерді ауыстыру және т.б. бойынша стратегия құру қажет», - деп ол сөзін түйіндеді.