Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

2 Желтоқсан 2025 ж.

Жамбыл электр желілері 2026 жылға арналған ЭКСЖ аясындағы ең ірі жобалар рейтингінде көш бастады

электрмен жабдықтау, су бұру, кәріз желілері, ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға жоспарланған электр және жылумен жабдықтау саласындағы ірі жобалар техникалық оператор - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығынан» АҚ (ТКШ ҚазОрталығы) оң қорытынды алды.

Қаржыландыру көлемі бойынша үздік үштікке келесі ұйымдар кірді:

Бірінші орында – «Жамбыл электр желілері» ЖШС. Ол электрмен қамту саласы бойынша жалпы сомасы 20,649 млрд теңге болатын 15 жобаны ұсынды.

Екінші орында – «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, бұл ұйым жылумен қамтуға қатысты бір ірі жобаны ұсынды. Оның құны 10,996 млрд теңге.

Үшінші орында – «Павлодар электржелілік компаниясы» АҚ, ол электрмен қамту жүйесін жаңғыртуға арналған 8 жобаны ұсынды. Олардың жалпы сомасы 5,067 млрд теңге.

Қазіргі уақытта саланың басқа субъектілерінен жобалық өтінімдерді қарау жалғасуда. Олардың ішінде «Ақмола АЭК» АҚ-ның 7,658 млрд теңгенің 22 жобасы, «Көкшетау Энерго» ЖШС-нің жалпы құны 27,650 млрд теңгенің жеті жобасы, сондай-ақ «ТАЭТК» АҚ-ның 4,757 млрд теңгенің сегіз жобасы бар.

2026 жылға арналған электр және жылумен қамту саласы бойынша барлығы табиғи монополия субъектілерінің 24-і өтінім берген. Жалпы саны 151 жоба, олардың жалпы құны 360,433 млрд теңге. Мәселен, жылумен қамту саласы бойынша 34 жоба, құны 101,293 млрд теңге,  электрмен қамту саласы бойынша 117 жоба, құны 259,140 млрд теңге.

Еске салайық, ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында сумен жабдықтау және су бұру желілері де жаңартылады. Бұл бағыт бойынша жалпы құны 130,5 млрд теңге болатын 34 өтінім келіп түсті. Оның ішінде, сумен жабдықтау бойынша – 15 жоба, құны 33,2 млрд теңге, ал су бұру (кәріз желілері) бойынша – 19 жоба, құны 97,3 млрд теңге.