Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

14 Қараша 2025 ж.

EPC-мердігер жобаларға қазақстандық тауарларды қолдануға міндетті

жаңғырту, отандық тауарлар, ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру барысында міндетті түрде қазақстандық тауарлардың қолдану деңгейі тексеріледі. Талаптар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығымен бекітілген. Ол «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жоба аясында жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу және мониторингілеу қағидаларын белгілейді.

Бірінші кезеңде табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) өтінімдерді электрондық платформада орналастырады.

Екінші және үшінші кезеңдерде жобаларды іріктеу және бастапқы келісу қарастырылады.

Төртінші мен жетінші кезеңдер аралығында жобалау және сатып алу рәсімдері жүргізіледі. Бұл кезеңдерде мердігерді таңдау және құжаттаманы әзірлеу тәртібі нақты көрсетілген. Бұл кезеңде ТМС құрылысқа арналған жұмыстар мен қызметтерді «кілтпен» сатып алуды жариялайды. Сатып алу туралы хабарламада өтінім берушінің өз өтінімі (ТМС) болуы тиіс. Жеңіске жеткен EPC-мердігер жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлейді.

Техникалық-технологиялық шешімдердің сараптамасы: әзірленген ЖСҚ Техникалық операторға техникалық-технологиялық шешімдерді сараптау үшін жіберіледі. 15 жұмыс күні ішінде жобаның отандық өндірістің өнімін, энергия тиімді технологияларды және автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес келетіні тексеріледі.

Тариф және қаржыландыру

Техникалық оператордың оң қорытындысынан кейін ЖСҚ ведомстводан тыс кешенді сараптамаға және қаржыландырудың алдын ала шарттарын айқындау үшін қаржы институтына қатар беріледі.

Тарифтік реттеуші тарифті ЖСҚ бойынша сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және қаржыландыру шарттары расталғаннан кейін ғана бекітеді.

Тарифтік реттеуші тарифті ЖСҚ бойынша сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және қаржыландыру шарттары расталғаннан кейін ғана бекітеді.

Тариф бекiтiліп, сараптамадан өткен соң ғана қаржы институты жобаны одан әрi қаржыландыруға жол ашады. 

Сатып алу және қаржыландыруды бақылау

Сегізінші кезеңде қажетті тауарлар сатып алынады, ал тоғызыншы кезеңде жобаның іске асырылуы мен кейінгі қолдануы барысы бақылауға алынады.

ҚР Әділет министрлігінде №36606 болып тіркелген №297 бұйрық энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту кезінде қазақстандық қамтуға басымдық бере ете отырып, EPC-мердігерлерді іріктеудің ашық және нақты тетігін қалыптастырады.