Колл-центр
5 Қараша 2025 ж.
ЭКСЖ аясында сатып алу ережесі: жеткізушілерді қалай таңдайды?
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, жобалар мен жеткізушілерді іріктеу, сондай-ақ олармен шарттар жасасу қағидалары қабылданды.
Бұл ережелер Ұлттық жоба аясында өткізілетін барлық сатып алулар үшін нақты және міндетті тәртіп (рәсім) белгілеу үшін қабылданған.
Бұл ережелердің негізгі мақсаты:
1. Сатып алуды реттеу. Олар табиғи монополиялар субъектілері (тапсырыс берушілер) энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен салу үшін қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді нақты қалай сатып алуға тиіс екенін анықтайды.
2. Негізгі орындаушыларды іріктеу. Қағидалар жеткізушілерді іріктеу рәсімін белгілейді, атап айтқанда, құрылыс бойынша кешенді жұмыстар үшін (ЕРС-мердігерлер). Өнім берушілерді іріктеу процесі, сондай-ақ шарттар жасасу осы ережелерге сәйкес реттеледі.
3. Ашықтықты қамтамасыз ету. Сатып алу процесі электрондық сатып алу платформасы арқылы жүргізіледі. Бұл процестердің ашықтығы мен автоматтандырылуына ықпал етеді.
4. Іріктеу критерийлерін белгілеу. Ережелер екі кезеңді конкурс жүйесін енгізеді. Мұнда тек баға ғана емес, сонымен қатар мынадай бағалау өлшемдері ескеріледі. Мәселен, жұмыс тәжірибесінің болуы, жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету міндеттемелері, нысан сапасына кепілдік беру, сондай-ақ технологиялық жағынан күрделі жобалар үшін жобаға өзінің қаржысы есебінен инвестиция салып, кейін сенімгерлік басқаруға беру ұсынысы секілді өлшемдері де бағаланады.
Осылайша, № 374 Ереже тапсырыс берушілер (табиғи монополиялар субъектілері) үшін Ұлттық жобаға енгізілген Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі өмірлік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында оларға неғұрлым білікті және тиімді өнім берушілерді қалай таңдау керектігін анықтайтын жол картасы маңызды болып отыр.
Егжей-тегжейлі ҚР Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 қыркүйекте № 36888 болып тіркелген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 374 бұйрығында көрсетілген.