13 Қазан 2025 ж.
Елімізде электрмен жабдықтау желілерінің 62 пайызы тозған

ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында бұл көрсеткішті 45%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына (ЭКСЖ) сәйкес, сумен, жылумен, энергиямен жабдықтау және су бұру секторларымен салыстырғанда, электрмен жабдықтау саласында тозу деңгейі айтарлықтай жоғары.
2024 жылдың қорытындысы бойынша электрмен жабдықтау саласында тозу 76%, 2025 жылы 62%-ға жеткен. 2029 жылға қарай электрмен жабдықтау желілерінің тозуын 45%-ға дейін (2027 жылы – 57%-ға дейін, 2028 жылы – 52%-ға дейін) төмендету жоспарлануда. Оның үстіне 18 монополисте тозу деңгейі 70-97%. Алдын ала бағалау бойынша 77,7 мың шақырым желіні жөндеуге 3,8 трлн теңге қажет.
Су бұру желілерінің тозу деңгейі 2024 жылы 56%, қазіргі кезде 54% деңгейінде бағаланды. 2026 жылы тозу деңгейін 49%-ға дейін, 2027 жылы – 44%, 2028 жылы – 42%, 2029 жылы – 40%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2,6 мың шақырым желіні жөндеу үшін 1,1 трлн теңге қажет, 24 монополистің нысандарында желілер 70-тен 100%-ға дейін тозған.
Жылумен жабдықтауда саласында желілердің 54 пайызы ескірген. Биыл бұл дерек 53% болды. Ал 17 табиғи монополиялар субъектісінің (ТМС) желілері 65-тен 90%-ға дейін тозған. Жоспар бойынша тозуды 2026 жылы – 48%-ға дейін, 2027 жылы – 45%-ға дейін, 2028 жылы – 43%-ға дейін, 2029 жылы – 40%-ға дейін төмендету жоспарда бар. Осы мақсатта 1,6 мың шақырым желіні жөндеуге 1,3 трлн теңге қаражат тарту қажет.
ЭКСЖ жобасы басталған кезде су құбыры желілерінің тозу деңгейі 40 пайыз болған, қазір – 39 пайыз. 23 өңірде тозу деңгейі 70-тен 100 пайызға дейін жеткен. 2026 жылы бұл көрсеткішті 37 пайызға, 2027 жылы – 35 пайызға, 2028 жылы – 34 пайызға, 2029 жылы – 33 пайызға дейін төмендету жоспарда бар. 4,7 мың шақырым желіні жөндеу үшін 0,6 триллион теңге инвестиция қажет.
Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың айтуынша, жалпы республика бойынша 86 мың шақырым желіні жаңғырту үшін 6,8 триллион теңге қажет.