Колл-центр
8 Желтоқсан 2025 ж.
Электрмен қамту саласында есептегіш құралдарының тапшылығы тым жоғары деңгейде
Елімізде электрмен қамту саласында есептеуіш құралдардың жетіспеушілігі байқалады.
Мұндай қорытындыға 2025-2029 жылдарға арналған Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша Ұлттық жобаның техникалық операторы болып саналатын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (ҚазТКШ орталығы) келіп отыр.
Олар барлық сала бойынша өңірлер мен табиғи монополия субъектілері (ТМС) үшін деректерді қашықтан беретін есептегіш құралдарының қаншалықты қажет екеніне талдау жасады. Есептегіш құралдарына деген жалпы сұраныс туралы есеп өңірлер мен ТМС тарапынан ресми ұсынылған мәліметтер негізінде дайындалған. Сонымен қатар, кең ауқымды есептеу құралдарын орнату кезінде тарифке ықтимал әсері де ескерілген нарықтық талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесі бойынша Қазақстан бойынша есептегіш құралдарына жалпы қажеттілік мынадай:
- Сумен жабдықтау – 3,6 млн бірлік;
- Электрмен жабдықтау – 3,9 млн бірлік;
- Жылумен жабдықтау – 32 мың бірлік;
- Газбен жабдықтау – 1,3 млн бірлік.
Сонымен қатар «ақылды» есептегіш құралдармен жабдықталу деңгейі ең төмен өңірлер анықталды:
- Сумен жабдықтау бойынша – Алматы қаласы, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары;
- Электрмен жабдықтау бойынша – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан және Павлодар облыстары;
- Жылумен жабдықтау бойынша – Абай, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- Газбен жабдықтау бойынша – Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары.
Еске салайық, отандық тауар өндірісін дамыту – ЭКСЖ ұлттық жобасының басты шарттарының бірі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен энергетика саласында қолданылатын материалдар мен жабдықтардың отандық өндірісін дамытуға серпін береді.