Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

28 Қазан 2025 ж.

ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында отын-энергетика кешені саласында оператор құрылады

ОЭК, жаңғырту, ЭКСЖ, ұлттық жоба, - МЭКС

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында электр энергетикасы саласын дамыту және цифрландыру туралы баяндаған энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады. Оның айтуынша, оператор құру деректерді басқару тиімділігін арттыруға және энергетика саласындағы жобаларды үйлестіруге, сондай-ақ саланы цифрландыру үдерістерін жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы мен «Электр энергетикасы туралы» заң аясында отын-энергетика кешені саласында Ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығы мен Инфокоммуникациялық инфрақұрылым операторын құру қарастырылған», - деп хабарлады ол.

Ақпараттық қауiпсiздiктiң салалық орталығы технологиялық процестi басқарудың автоматтандырылған жүйесiн (ТПБАЖ) қорғауға, Ақпараттық қауiпсiздiктiң жедел орталықтарының жұмысын үйлестiруге баса назар аударады. Нәтижесінде салалық талаптарды қалыптастырады. Ол инциденттердің индикаторларымен алмасуды және ОЭК саласындағы киберқауіпсіздік бойынша кадрлық әлеуетті дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

«Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы отын-энергетика кешені субъектілерінің технологиялық деректерін министрліктің жағдайлық-талдамалық орталығына үздіксіз әрі қорғалған байланыс арналары арқылы жеткізуді қамтамасыз етуі керек», - деді энергетика министрі.

2024 жылдың төртінші тоқсанында министрліктің Ахуалдық-талдау орталығы іске қосылды.

Ахуалдық-талдау орталығы эталондық анықтамалықтар мен EnergyTech платформасының онлайн деректерінің шоғырландырылған ағындары негізінде ОЭК салаларының мониторинг жүргізетін құралы саналады. 

«Ахуалдық-талдау орталығы энергоресурстарды өндіру, беру және тұтыну нысандарынан деректерді онлайн жинауды, верификациялауды, корреляциялауды және талдауды қамтамасыз етеді. Бұл орталықты құру цифрлық трансформация мен саланы басқарудың тәуекелге бағдарланған моделіне көшу жолындағы маңызды қадам болды», - деп баса айтты ол.

Министрлік салада жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселесін пысықтауда. Бұл үшін құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кірген ОЭК-ке (отын-энергетика кешені) жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Акселерациялық топ құрылды.

«Топтың негізгі міндеті – салалық қажеттіліктерді анықтау және жасанды интеллект технологияларын енгізу кейстерін іске асыру үшін күш-жігерді біріктіру. Сонымен қатар, салада AI-шешімдері бар жаһандық вендерлер мен IT-компаниялардан тұратын AI-альянс құрылды. Отандық IT әзірлеушілерді қолдау мақсатында министрлік пен Astana Hub резиденттері арасында саладағы AI-шешімдерді бірлесіп апробациялау және енгізу туралы меморандумдар жасалды», - деп нақтылады Ерлан Ақкенженов.

Биыл екі ЖИ-шешім сынақтан сәтті өтті:

Бірінші кейс – дрон мен жасанды интеллектті қолдана отырып, электр берудің әуе желілерінің дефектоскопиясы. Шығындарды қысқарту есебінен болуы мүмкін экономикалық тиімділік 2,5 млрд теңге. 

Екінші кейс – роботталған кешен мен жасанды интеллектті қолдана отырып, жылу желілерінің құбырішілік дефектоскопиясы. Жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлау есебінен болуы мүмкін экономикалық тиімділік 42 млрд теңге.