Қаз

25 August, 2025

ЭКСЖ техникалық операторы жобалардың өзектілігі мен басымдылығын бағалайды

203 жобаның ішінен тек 87-сі ғана оң қорытынды алған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысына арналған баспасөз конференциясында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Макка Шыңғазиева хабарлады.

2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша техникалық оператор 203 жобаны қарастырды.

«Олардың ішінен 87 жоба оң қорытынды алып, уәкілетті органдарға жолданды, 90 жоба қайта өңдеуге қайтарылды, 44 жоба қаралу үстінде, 5 жоба мақұлданбады, ал 21 жоба табиғи монополия субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан кері қайтарылды», - деп түсіндірді Макка Шыңғазиева.

Сонымен қатар, отандық өнім өндірушілердің өнімдерін басым түрде пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сараптама мен мониторинг аясында техникалық оператор жабдықтар мен материалдардың шыққан тегін тексереді, бұл Қазақстандық өндірушілерді дамытуға ынталандыру және импорт өнімінің ауыстырылуын болдырмау мақсатында жүргізіледі.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық жобаны іске асыру міндеттерінің бірі коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылым нысандарының тозуын азайту екенін еске салды. Осы міндеттерді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі техникалық операторды құру арқылы жобаларды жүзеге асыру механизмін бекітті.

«2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1102 қаулысымен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы бекітілді. ҚР Үкіметінің қаулысымен техникалық оператордың функциялары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығына» жүктелді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес техникалық оператор жобаларды барлық кезеңде – өтінім беру мен жобалау тапсырмасын келісуден бастап шешімдерді сараптау және жүзеге асыру сапасын бақылауға дейін сүйемелдейді», - деді ол.

Оның айтуынша, техникалық оператордың негізгі функциялары – жобаларды іріктеу және келісу, жобаны жүзеге асыруға техникалық тапсырманы келісу, жоба барысында жоспарланған техникалық-технологиялық шешімдерге байланысты мәмілеге келу және жобаның орындалуын бақылау. 

«Техникалық оператор институты – коммуналдық және энергетикалық салаларды жүйелі жаңғыртудың ең маңызды құралы. Оның қызметі жобаларды дайындау сапасын қамтамасыз етуге, процестердің ашықтығына және мемлекет мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Біздің міндетіміз – ұлттық жоба аясында жүзеге асырылатын әрбір жоба технологиялық тұрғыдан негізделген, экономикалық тиімді және өмір сүруге қажетті жүйелерді тұрақты, сенімді жұмыс істеуін арттыруға бағытталған болуын қамтамасыз ету», - деді «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары.