Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

26 Қараша 2025 ж.

ЭКСЖ Қоғамдық кеңесі отандық өндірушілерді қолдау мен ашықтыққа назар аударды

қоғамдық кеңес, жаңғырту, ЭКСЖ, отандық өндірушілерді қолдау, - МЭКС

Бүгін Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы Қоғамдық кеңесінің екінші отырысы өтті. Іс-шара «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ кеңсесінде өткізілді.

Кеңесті құру Ұлттық жоба қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Отырыс барысында ТКШ ҚазОрталығы басқармасының төрағасы Нұрлан Солтамбековтың және «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиеваның есептері қаралды.

ТКШ ҚазОрталығының басшысы ЭКСЖ аясында техникалық оператор жұмысының басты қорытындылары туралы баяндады. Сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру, жылу және электрмен жабдықтау жобаларын қарау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Өз кезегінде, қаржы операторы жобаларды қаржыландыру бойынша қазіргі кезге дейінгі нәтижелерді ұсынды. 2025 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша ЭКСЖ электрондық платформасында холдинг табиғи монополиялар субъектілерінің 63 өтінімін қарады, оның ішінде 72,2 млрд теңге сомасына 43 өтінім келісілді, 32 млрд теңге сомасына 20 өтінім пысықтауға жіберілді немесе кері қайтарылды.

Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы белсенді жүріп жатыр: 2025 жылғы 26 қарашадағы жағдай бойынша тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың барлық салалары бойынша 179 өтінім тіркелген. Бұл жобалардың жалпы болжамды құны 473,9 млрд теңге.

Еске салайық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен энергетика салаларында жаңғыртуда отандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалануға басымдық беріледі. Бұл қадам ұлттық жоба аясында жергілікті тауар өндірушілерді дамытуға бағытталған.