Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар ЭКСЖ жобасына электрмен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға қатысты өтінім көп түсті

12 Желтоқсан 2025 ж.

ЭКСЖ жобасына электрмен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға қатысты өтінім көп түсті

электрмен жабдықтау, жаңғырту, өтінімдер, ұлттық жоба, - МЭКС

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының мәліметінше, еліміздің барлық өңірінен ЭКСЖ жобасына қатысу үшін 267 нысан бойынша өтінім түскен.

Еске салсақ, ТКШ ҚазОрталығы 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының техникалық операторы. 

Олардың iшiнде ЭКСЖ-ның негiзгi төрт саласы бойынша жағдай мынадай: 

- 153 жоба электрмен қамту саласына қатысты (барлық өтінімнің 57,3%-ы);  

- 54 жоба жылумен қамтуға (20,2%);  

- 24 жоба сумен қамтуға (8,9%);  

- 30 жоба су бұруға (кәрізге) қатысты (11,2%);  

- 6 жоба сыртқы су құбыры және кәріз жүйелеріне қатысты (2,2%).

Электрмен жабдықтау саласында 13 өңірден өтінім берілді. Ең көп өтінім Ақмола облысынан – 32, Солтүстік Қазақстан облысынан – 30, Павлодар облысынан – 17, Жамбыл облысынан – 15, Жетісу облысынан – 15, Батыс Қазақстан облысынан – 14, Алматы облысынан – 8, Атырау облысынан – 6, Алматы қаласына берілді – 6, Астана қаласынан – 4, Қостанай облысынан – 4, Қарағанды облысынан – 1, Қызылорда облысынан – 1.