Қаз

17 Қазан 2025 ж.

ЭКСЖ жобаларын іске асыруға цифрлық теңге қолданылмақ

цифрлық теңге, ұлттық жоба, ЭКСЖ, - МЭКС

Бұл шаралар Ұлттық жобаны іске асыру кезінде толық ашықтық үшін қажет.

Бұл туралы бүгін Алматыда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыруға арналған семинар барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев хабарлады.

Оның айтуынша, цифрлық теңгені қолдану әрбір теңгенің қайда және қалай жұмсалғаны анық бақылауға мүмкіндік береді. 

«Ұлттық жобаға бөлінетін барлық қаражат цифрлық теңге арқылы «таңбаланып» отырады. Бұл жүйенің басты артықшылығы – толық айқындық. Қаражаттың қозғалысын: тапсырыс берушіден мердігерге дейінгі бүкіл тізбекті бақылауға болады. Осылайша, делдалдар араласпай, қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету және қызмет құнын негізсіз өсіруге жол бермеу мүмкіндігі туады, - деді ол.

Өз кезегінде «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева холдинг Ұлттық банктің ведомстволық бағынышты ұйымымен және «Қазавтожол» компаниясымен консультациялар өткізетінін айтты. Оның айтуынша, себебі 2024 жылы ол цифрлық теңгемен бірнеше жобаны іске асырды.

Өз кезегінде «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Әлия Мұрзагалиева айтқандай, холдинг Ұлттық банкке қарасты ұйыммен және «ҚазАвтоЖол» АҚ компаниясымен кеңес өткізіп жатқанын айтты. Себебі 2024 жылы бұл компания цифрлық теңгені қолданып бірнеше жобаны іске асырған.

«Біз осы тәжірибені зерттеп, туындаған қиындықтар мен артықшылықтарды талдаудамыз. Ең бастысы – делдалдарды алып тастау және қаражаттың ашық қозғалысын қамтамасыз ету мүмкіндігі. Қазірдің өзінде сумен және жылумен жабдықтау саласындағы екі пилоттық жоба іріктелді. Оларда цифрлық теңгенің енгізілуі сынақтан өткізіледі. Нәтижелерді талдағаннан кейін тәсілді масштабтау жоспарлануда. Жобаны 2026 жылдан бастап жүзеге асыру жоспарланула», - деп Әлия Мырзағалиева сөзін түйіндеді.