2 Қазан 2025 ж.
ЭКСЖ жобалары үшін ЕРС-жеткізушінің артықшылығы анықталды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Коммуналдық шаруашылықты басқару бөлімінің басқарма басшысы Әлішер Беспаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы ЕРС-жеткізушінің артықшылықтары туралы айтып берді.
«ЕРС-жеткізушінің артықшылығы мынада: бір ұйымның құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясы бар, екіншісінде – еңбек ресурстары, үшіншісінде – жобалауға лицензиясы бар. Тек осындай құрамда ғана олар әлеуетті өнім берушілер ретінде қатыса алады. Бұл ретте ережеде қатысушыларды консорциумға немесе жеке компанияға бөлмейміз, тек білікті жеткізушінің болуы ғана маңызды», - деп нақтылады ол.
ЕРС-жеткізуші – бұл EPC-келісімшартын (Engineering, Procurement, Construction) жасайтын мердігерлік компания. Ол жоба бойынша жұмыстардың толық циклін іске асыруды көздейді, мәселе, жобалаудан (Engineering) және сатып алудан (Procurement) бастап құрылысқа (Construction) және нысанды пайдалануға беруге дейін жұмыстарды іске асырады. Бұл ретте жобаны жүзеге асыруға байланысты негізгі жұмысқа мердігер жауапты.
ЭКСЖ аясында электрондық сатып алу платформасы құрылады. Онда ТМС жобаларын іріктеу, қаржыландыру көздерін айқындау, тарифтерді алдын ала бекіту, сондай-ақ ЕРС-мердігерлерді таңдау «кілтпен тапсыру» бойынша екі кезеңді қамтитын байқау өтеді.
«Электрондық платформа әзірленіп, аяқталуға аз уақыт қалды. Барлық рәсім бір алаңға шоғырландырылады. Бүгінгі таңда оны «Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеуде. Тестілеу жүйесі пилоттық режимде жұмыс істеп тұрған кезде басталды. Ұлттық әл-ауқат қоры кең ауқымды ақпараттық науқан өткізеді. Әзірге домендік атаулар жоқ, алдағы бір-екі айда бәрі белгілі болады», - деп хабарлады ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің елішілік құндылықтарды дамыту басқармасының басшысы Асхат Тілеубаев.