Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

10 Қараша 2025 ж.

ЭКСЖ аясында өтінімдер қай кезге дейін қабылданады

өтінімдер, ұлттық жоба, жаңғырту, - МЭКС

Талаптар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығында жазылған. Ол жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, мониторинг қағидаларын белгілейді және шын мәнінде Қазақстандағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен салу жөніндегі жобалардың бүкіл өмірлік циклін реттейді.

Түсінікті тілде айтқанда, бұл құжат коммуналдық кәсіпорындар (табиғи монополия субъектілері – ТМС) мемлекеттік қаржыландыру алып, өздерінің жаңғырту жобаларын іске асыруы үшін нақты, реттелген «жол картасын» жасайды.

Бірінші кезең – ТМС өз жобаларын қалай ұсынатынын көрсетеді. Өтінімді ТМС Электрондық платформа арқылы жолдайды. Өтінімге ТМС басшысы және тиісті өңірдің әкімі (немесе оның орынбасары) қол қоюы керек.  

Кім тапсырады: Табиғи монополия субъектісі (ТМС).  

Мерзімі: 2027 жылға арналған өтінімдер 2026 жылдың 1 наурызына дейін тапсырылуы тиіс.

Өтiнiм құрамы: Өтiнiмге жобалауға арналған тапсырма, құрылыстың есеп айырысу құны және қаражатты қайтарудың бүкiл кезеңiне ұсынылатын тарифтер деңгейлерiнiң кестесi мiндеттi түрде енгiзiледi.

Өтінім құрамында міндетті түрде жобалау тапсырмасы, құрылысқа арналған есептік смета (толық аяқталған «кілт тапсыру» түрінде) және қаржыны қайтару кезеңі бойына ұсынылған тариф деңгейлері көрсетілген кесте болуы қажет.

Егжей-тегжейлі: «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жоба аясында тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығында көрсетілген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 тамызда № 36606 болып тіркелді.