Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

21 Қараша 2025 ж.

ЭКСЖ аясында жылу және электр желілерінің тозуы барынша төмендейді

жаңғырту, ұлттық жобағ ЭКСЖ, жылу желілері, электр желілері, - МЭКС

Бұл туралы Ақтауда өткен медиатренинг барысында ҚР энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов хабарлады.

«Бізде электр және жылу желілері 50%-дан астам тозған. Мысалы, электр желілері 74%, ал жылу желілері 52% тозған. Екібастұз, Риддер, Степногорскте болған қайғылы жағдайларды айтпасақ та түсінікті. Биыл Ұлттық жоба аясында біз бірнеше өңірде, Батыс Қазақстан облысында, Павлодар облысында, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық жобаларды іске асырдық. Оң нәтиже бар, бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», - деді ол.

Қазіргі уақытта халықаралық қаржы ұйымдарымен қосымша жұмыс жүргізілуде. Дүниежүзілік банк қаржыландыру үшін қарастыратын 7 жоба алдын ала айқындалды. Бұл нысандар Маңғыстау, Алматы облыстарында және Астана қаласында орналасқан.

«Маңғыстау облысында Ақтау қаласының «Каспий жылу» жылу желілері тозған. өткен жылыту маусымында Ақтау қаласының жылу желілерінде 360 технологиялық бұзушылық тіркелген, бұл күніне 2-3 технологиялық бұзушылық, бұл тұтынушыларды шектеумен қатар халық тарапынан әділ сынға ұшырады», - деді Ернар Хасенов.

«Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында «Каспий жылу» мекемесінің жылу желілері әбден тозған. Өткен жылыту маусымында ғана қаладағы жылу желілерінде 360 техникалық ақау тіркелген. Бұл күніне 2-3 апат болды деген сөз. Мұндай жағдайлар тұтынушыларға жылу беруге кедергі келтіреді, ақырында халықтың наразылығын тудырады», - деді Ернар Хасенов.

Былтыр табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары және үкімет резервтерін қолдау есебінен 14 шақырым желі ауыстырылды. Биыл 20 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары есебінен жүргізілді, бұл тозу деңгейін тоқтатуға мүмкіндік берді.

«Алдымызда 2030 жылға дейін Ұлттық жоба аясында жылу желілерінің тозуын 42%-ға, ал электр желілерінің тозуын 45%-ға дейін төмендету міндеті тұр. Сондықтан қазір біз ТКШ Қазорталығындағы әріптестерімізбен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Апта сайын әкімдіктермен кездесіп, жылыту маусымы басталғанға дейін келесі жылы іске асырылатын басым жобалардың тиісті пулын анықтаймыз», - деп қорытындылады ол.

Басты мақсат – тарифті тұтынушылар үшін айтарлықтай көтермей, жылу және электр желілерінің тозу деңгейін Ұлттық жоба аясында белгіленген көрсеткіштерге дейін төмендету.