Қаз

26 August, 2025

ЭКСЖ аясында бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуы қалай бақыланады

Барлық жұмыс «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ техникалық операторы арқылы өтеді.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысына арналған баспасөз конференциясы барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.

«Біріншіден, тариф бекітілгенге дейін өтінімдерді алдын ала қарауды, талқылауды көздейтін қолданыстағы тетік бар. Кейіннен, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін табиғи монополиялар субъектілері жүргізілген жұмыстардың нәтижесін жартыжылдық негізде беруге міндетті. Ұлттық жоба шеңберінде «ТКШ ҚазОрталығының» техникалық операторы бұл жұмысты барлық кезеңдерде бақылайтын болады. Ол үшін тиісті мамандар тартылады», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, қоғамдық бақылау күшейтілуде. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ алаңында инвестициялық жобалардың іске асырылуын қадағалайтын қоғамдық кеңес құрылды.

«Өңірлік деңгейде қоғамдық кеңестердің отырыстары өткізілетін болады, онда әрбір мүдделі тұлға инвестициялық жобаның іске асырылу барысын қарауға қатыса алады», - деп атап өтті Тимур Қосымбаев.