Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар ЭКСЖ аясында 45 КТҚ салу және қайта құру жоспарланып жатыр

9 Сәуір 2026 ж.

ЭКСЖ аясында 45 КТҚ салу және қайта құру жоспарланып жатыр

кәріз, су бұру, қайта құру, модернизация, - МЭКС

Қазақстан қалаларындағы кәріз жүйелері 65%-дан астам тозған. Себебі тазарту құрылыстарының көбі 50 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп тұр. Ал еліміздің 90 қаласының үштен бірінде меншікті кәріз-тазарту құрылыстары мүлдем жоқ. Осының барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға тікелей әсер етеді. 

Бұл проблемаларды «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жоба асында шешуге ниеттіміз. Оның аясында жүздеген басқа жобалармен қатар 45 КТҚ салынып, қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды ЭКСЖ жобалық кеңсесі.

ЭКСЖ ұлттық жобасының кестесіне сәйкес, 2027 жылы Абай, Ұлытау, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы облыстарында жаңа КТҚ-ны қосу жоспарланған. 

КТҚ жобаларының жартысынан астамын халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылған қарыз қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметінше, 3 жобаны (Ақтөбе, Қарағанды және Риддер қалаларында) Еуропа қайта құру және даму банкі, тағы 4 жобаны (Степногорск, Балқаш, Жезқазған және Сәтпаев қалаларында) Азия даму банкі қаржыландырады.

Тағы 16 КТҚ жобасын Дүниежүзілік банктен қарыз алу арқылы іске асыруды жоспарлап жатыр. 

«Қазіргі кезде 16 жоба бойынша әкімдіктер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, техникалық тапсырмаларды әзірледі және Техникалық оператормен келісті. Келісілген техникалық тапсырмаларды есепке алғанда, 16 жобаның алдын ала сомасы шамамен 347 млрд теңгені құрады. Министрлік «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен бірлесіп мемлекеттік инвестициялық жоба әзірледі. Оған 30 наурызда салалық қорытынды беріліп, Ұлттық экономика министрлігіне экономикалық сараптамаға жолданды», – деп хабарлады Құрылыс және ТКШ істері комитетінде.

Қалған 21 КТҚ жобасы бойынша әкімдіктер Дүниежүзілік банктен қарыз алудан бас тартты. Олардың бірнешеуі жобаларды бюджет қаражаты есебінен іске асыруды ұйғарды, қалған жобалар бойынша қаржыландыру мәселесі әлі де өзекті. 

Сондай-ақ Құрылыс және ТКШ істері комитеті Дүниежүзілік банк қарызы есебінен су арналарының өндірістік процестерін цифрландыру және автоматтандыру бойынша пилоттық жоба туралы хабардар етті. Бұл «пилотқа» қатысуға 7 табиғи монополиялар субъектісі (ТМС) ниет білдірді. Қазіргі кезде 3 субъект қатысудан бас тартты, ал 4 субъект техникалық тапсырмалар әзірледі. Олардың болжамды құны 14,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде:

· «Астана су арнасы» МКК – 995 млн теңге;

· Қосшы Су ШЖҚ МКК – 3,485 млрд теңге;

· «Қызылжар су» ЖШС – 4,435 млрд теңге;

· «Батыс су арнасы» ЖШС – 5,975 млрд теңге. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қазірдің өзінде осы жобаларға салалық қорытынды дайындап жатыр.


Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы