Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар ЭКСЖ ұлттық жобасының арқасында Тайыншадағы Железнодорожный шағын ауданының жылу желілері екі есе жаңарды

6 Сәуір 2026 ж.

ЭКСЖ ұлттық жобасының арқасында Тайыншадағы Железнодорожный шағын ауданының жылу желілері екі есе жаңарды

жылумен қамту, СҚО, жаңғырту, модернизация, - МЭКС

Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша қаласының Железнодорожный шағын ауданының жылу инфрақұрылымын жаңғырту жобасы аяқталды. Ол 2025 жылы басталып, өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын жаңартудың негізгі қадамдарының біріне айналды. Жұмыстар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды жобалық кеңсе. 

Нәтижесінде жылу трассасының жағдайы түбегейлі жақсарды: жұмыс істеп тұрған 2,2 шақырым қайта жаңартылды және 1,157 шақырым жылу желісі салынды. Осының арқасында Железнодорожный шағын ауданында тозу деңгейі екі еседен астамға төмендетілді (60%-дан 26%-ға дейін), бұл жылумен жабдықтау сапасын арттырды және жылыту кезеңінде апат қаупін төмендетті. 

Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етті. Енді 18 көппәтерлі және 29 жеке тұрғын үй, 4 бюджеттік мекеме сенімді жылумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жаңартылған жылу трассасына бизнес нысандары (дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен салынып жатқан бассейн) және бірқатар жеке үйлер қосылған. 

Жоба аясында жылумен жабдықтау схемасы оңтайландырылды: Ремзавод тұрғын аймағының ескірген қазандығын пайдалану қажеттілігі жойылды. Енді жылу беру Железнодорожный шағын ауданының қазандығынан орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады. Бұл шығынды қысқартып, Железнодорожный шағын ауданындағы қазандық қызметкерлерінің жалақысын арттыруға мүмкіндік берді.

«Железнодорожный шағын ауданындағы «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС жылу трассасы 1989 жылы салынған, ұзындығы 1 900 м (2 желі), іс жүзінде 2 қазандық жұмыс істеді. Соңғы 10 жылда жылу трассасының құрылысы мен жаңғыртылуы жүргізілмеген, қыс мезгілінде апатты болдырмау үшін ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бір маусымға кепілдік берді, жылу трассасын қайта құруға аса мұқтаж болды», – деді Тайынша ауданының ТКШ бөлімінің басшысы Марат Баймағамбетов. 

Инвестицияның жалпы көлемі 745,9 млн теңгені құрады. Негізгі қаржыландыру Қазақстандық тұрғын үй компаниясы есебінен – 677,1 млн теңге, сондай-ақ облыстық бюджет есебінен –  68,8 млн теңге қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, жүзеге асырылған жоба ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Осы бағыттағы жұмыс 2027 жылға қарай ТКШ саласындағы желілердің тозуын кезең-кезеңмен төмендету және «қызыл аймақтарды» жою мақсатында жалғастырылады.

Анықтама: «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы республика бойынша 2029 жылға дейін іске асырылуда және коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетуге және апат деңгейін 20%-ға қысқартуға бағытталған.