9 Қазан 2025 ж.
Атырау облысында ЭКСЖ жобалары бойынша жұмыстың басым бағыттары анықталды

Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен Астанада «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ техникалық операторының командасы мен әкімнің орынбасары Қайрат Нұртаев бастаған өңір делегациясының жұмыс кездесуі өтті. Келіссөздерге Атырау облысының табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері де қатысты.
Тараптар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды дайындау және іске асыру мәселелерін талқылады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және нысандарды қаржыландыру тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Өңірдегі монополист кәсіпорындардың өкілдері жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді атады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЭКСЖ жобаларын ілгерілету және оларды іске асырудың барлық кезеңінде туындайтын түйткілдерді жедел шешу үшін одан әрі өзара іс-қимыл жасауға келісті.
Жиынға «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ атынан басқарма төрағасының орынбасарлары Макка Шыңғазиева мен Бағдат Азбаев, сондай-ақ орталықтың мамандары қатысты.