Қаз

15 Қыркүйек 2025 ж.

Елорданың коммуналдық инфрақұрылымын жаңартуға 73 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

релиз Астана - МЭКС

2025 жылғы 15 қыркүйекте Астанада «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) Ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, бизнес-қоғамдастықтың және қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Талқылау барысында Ұлттық жобаның басым бағыттары, соның ішінде мемлекеттік қолдау шаралары және инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландыру тетіктері ұсынылды. Баяндамалармен ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері сөз сөйледі.

2025–2029 жылдар аралығында елордаға 73,09 млрд теңге көлемінде инвестиция қарастырылған. Қаражат жылу желілерін, су құбыры және кәріз желілерін салу мен қайта құруға бағытталады.

«Астана-Теплотранзит» АҚ 10 км-ден астам жылу желілерін салу мен қайта құру және жабдықтарды жаңғырту жобаларын іске асырады.
«Астана су арнасы» ШЖҚ МКК 52 км-ден астам сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңартумен айналысады.

Бұдан бөлек, 2025–2026 жылдарға 31,51 млрд теңге көлемінде инвестиция жоспарланған.

«Астана-Теплотранзит» АҚ — 3 км жылу желілерін қайта құру және 2 бірлік жабдықты жаңғырту.

«Астана су арнасы» ШЖҚ МКК — 33 км-ден астам су құбыры мен кәріз желілерін салу және қайта құру.

Ұлттық жобаны Астанада іске асыру заманауи әрі орнықты коммуналдық инфрақұрылымды құруға, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және елорданың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.