4 Қазан 2025 ж.
Астанада ЭКСЖ бойынша журналистерге арналған тренинг өтті

Бүгін Астанада «ТКШ жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ кеңсесінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын(ЭКСЖ) жариялау бойынша журналистерге арналған медиатренинг өтті.
Кездесу барысында тренингтің мақсаты мен міндеттері таныстырылды. Сонымен қатар негізгі мүдделі тараптар энергетика, ТКШ және коммуналдық секторға қатысты негізгі ұғымдар мен терминдерді түсіндірді.
Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев тарифтің қалай қалыптасатыны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ Ұлттық жобаның іске асырылуы туралы энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері баяндама жасады.
Олар журналистердің барлық сұрағына жауап берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ұлтттық жоба туралы мұндай түсіндіру іс-шаралары тұрақты өткізіліп тұрады.