Колл-центр
21 Қазан 2025 ж.
2025 жылы қолданыстағы станцияларды жаңғырту 36 МВт электр энергиясын қосуға мүмкіндік береді
Энергетика министрлігінің мәліметінше, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында келесі жоспарларды іске асыру көзделген:
- жылу желілерін жаңғырту – 1 257 млрд теңге;
- электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту – 2 756 млрд теңге;
- ұлттық электр желілерін жаңғырту – 1 060 млрд теңге;
- генерация нысандарын жаңғырту және салу – 6 208 млрд теңге.
Ұлттық жоба аясында 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтау жоспарлануда. Бұл электр станцияларының орташа тозуын 17%-ға төмендетеді. Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру белгіленген электр қуатын ұлғайтуға және ел экономикасы мен халқын сапалы, тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Биыл жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту нәтижесінле 36 МВт іске қосу жоспарланған. «Текелі энергокешені» ЖШС-де 24 МВт генерациясын пайдалануға бере отырып, екі ГТҚ құрылысы (бірінші кезең) сәтті аяқталды. Сондай-ақ жыл соңына дейін қуаты 12 МВт ГТҚ-ны (екінші кезең) пайдалануға беру жоспарда бар.
Ал 2026 жылы 2,51 ГВт қуатты іске қосу жоспарланып отыр.
Оның ішінде 633,6 МВт қолданыстағы станцияларды жаңғырту есебінен:
1. «Текелі энергокешені» ЖШС, қуаты 17 МВТ генераторы бар 3 қазандық-утилизатор мен бу турбинасын енгізу;
2. Алматы қаласындағы ЖЭО-2 алаңындағы БГҚ – 557 МВт;
3. «Атырау ЖЭО» АҚ – №11-ші станцияны іске қосу және №15-ші станцияға 59,6 МВт қуатты қазандық орнату.
Жаңа құрылыс есебінен 1 884 МВт:
1. Қызылорда облысындағы БГҚ – 240 МВт;
2. Түркістан облысындағы БГҚ – 1000 МВт;
3. Алматы қаласындағы ЖЭО-3 БГҚ – 544 МВт алаңында;
4. Жезқазған ЖЭО алаңындағы БГҚ – 100 МВт.